
ЕҰУ-де болашақ ағылшын тілі мұғалімдері арасында халықаралық олимпиада өтті









ЕҰУ-де «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау (ағылшын тілі)» білім беру бағдарламасы тобының студенттері арасында II Халықаралық олимпиада өтті.
8-12 сәуірі аралығында Білім жоғары мектебінің шетел тілдері теориясы және практикасы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 5 елдің 8 жоғары оқу орнынан қатысушылар арасында олимпиаданың екі кезеңін онлайн форматта өткізді. Қатысушы жоғары оқу орындары: Франциск Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті, Беларусь; бауырлар Столетовтер атындағы Владимир мемлекеттік университеті, Ресей; Ургенч мемлекеттік университеті, Өзбекстан; Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Өзбекстан; Бішкек мемлекеттік университеті, Қырғызстан; Ош мемлекеттік университеті, Қырғызстан; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан.
Олимпиаданың ашылуы 8 ақпанда Zoom платформасында өтті. Педагогикалық байқауға қатысушыларды, олардың жетекшілері мен оқытушыларын Білім жоғары мектебінің директоры Баубек Сомжүрек құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Олимпиада 4 күнге созылды. Негізінен шетелдік студенттерден құралған 100-ден астам қатысушы екі турдан өтті:
1 тур – сұхбат: қатысушылар өзін ағылшын тілінде комиссия алдында таныстырып, шетел тілдерін (ағылшын тілін) оқыту әдістемесі бойынша сұрақтарға жауап берді.
2 тур – прагма-кәсіби тапсырманы шешу: кездейсоқ сандар генераторы арқылы әрбір қатысушы комиссияның қатысуымен педагогикалық жағдайды шешуге тиіс болды.
Олимпиаданың есеп комитеті жұмысын аяқтағаннан кейін келесі нәтижелер жарияланды:
І дәрежелі диплом иегерлері:
- Никита Острейко – Франциск Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университетінің студенті, Беларусь (100 мүмкін ұпайдан – 95 ұпай);
- Rayhon Matnazarova – Ургенч мемлекеттік университетінің студенті, Өзбекстан (95 ұпай);
- Мафтуна Жураева – Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының студенті, Өзбекстан (95 ұпай).
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
- Александра Лукина – Владимир мемлекеттік университетінің студенті, Ресей (90 ұпай);
- Muslima Matlatipova – Үргеніш мемлекеттік университетінің студенті, Өзбекстан (90 ұпай);
- Анара Русланова – Ош мемлекеттік университетінің студенті, Қырғызстан (90 ұпай);
- Сәбина Искакова – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, Қазақстан (90 ұпай).
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
- Никита Верстак – Гомель мемлекеттік университетінің студенті, Беларусь (85 ұпай);
- Елизавета Палатникова – Владимир мемлекеттік университетінің студенті, Ресей (85 ұпай);
- Севинч Орынбаева – Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының студенті, Өзбекстан (85 ұпай);
- Исхак Камытов – Ош мемлекеттік университетінің студенті, Қырғызстан (85 ұпай);
- Нелли Ахунбаева – Бішкек мемлекеттік университетінің студенті, Қырғызстан (85 ұпай);
- Iroda Kurbonova – Өзбек-фин педагогикалық институтының студенті, Өзбекстан (85 ұпай).
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдері арасындағы халықаралық олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларды дайындаған жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз!
Анықтама үшін: «Шетел тілі мұғалімдерін даярлау (ағылшын тілі)» білім беру бағдарламасы тобының студенттері арасындағы алғашқы халықаралық олимпиада 2021 жылы өткен. Олимпиадаға қатысушылар мен олардың жетекшілерінің ұсынысы бойынша, бұл олимпиада жыл сайын өткізілетін болды. Ал 2026 жылы III олимпиада ЕҰУ Ғылым онкүндігі аясында өтеді.
