
Түркиядан келген профессор Эмин Атасой студенттерге дәріс оқуда

2024-2025 оқу жылы аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасына Түркияның Бурса қаласындағы Улудаг университетінің профессоры Эмин Атасой келді.
Профессор «Рекреациялық география» пәні бойынша дәрістер курсын оқытуда. Курстың мақсаты – студенттердің саяси, экономикалық, мәдени және тарихи ерекшеліктер бойынша білімдерін кеңейту.
Профессор Атасойдың дәрістері студенттердің географиялық дүниетанымын тереңдетуге және мәдениетаралық құзыреттілігін дамытуға ықпал етті. Дәріс барысында Түркия мен Қазақстанның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын нақты мысалдар арқылы салыстыра отырып, теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастыруға мүмкіндік берілді.
Курстың айрықша ерекшелігі – интерактивті формат. Профессор студенттерді пікірталасқа белсенді тартып, ашық сұхбат жүргізуге жағдай жасады. Бұл тәсіл студенттерге материалды тереңірек меңгеруге және мәдени-географиялық ерекшеліктерді талдау бойынша құнды дағдыларды игеруге мүмкіндік берді.
