
Еліміздің әр аймағынан келген 100-ден астам студент ЕҰУ-дағы «Күлтегін-2025» пікірсайыс турниріне қатысты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Парасат» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Күлтегін-2025» республикалық-гранд дебат турнирі өтті. Турнир Британ Парламенттік форматында (БПФ) өтіп, еліміздің әр аймағынан келген 100-ден астам студентті жинады.
Бұл турнир - пікірсайыс арқылы жастардың сыни ойлау, шешендік, талдау және көшбасшылық қабілеттерін арттыруды мақсат етті. Сонымен қатар, интеллектуалды бәсеке алаңы ретінде жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, түрлі идеялармен ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Турнир жастар және негізгі алаңдарда өтті. Қатысушылар өзара білім мен тәжірибе алмасып, тартысты пікірсайыс нәтижесінде үздіктер анықталды.
Жастар лигасының финалисттері: quоquette (Сәндібек Ғанибек, Баубек Батырбек), Жетішелпек (Умарова Айша, Асқар Амина), Жеңсек, ливаем с дебатов (Сагадатова Алина, Жолдас Бекайдар). Жеңімпаз атанған команда – Ktl traumatic experience (Альбар Керімхан, Жоямерген Сырым).
Негізгі алаң финалисттері: Қызыл бөлме 208 (Әмина Даниярқызы, Аруна Найманова), Nurmakov A (Мөлдір Әуелхан, Мұхаммедәли Мейрамұлы), NU MS (Мейіржан Ерулан, Сұлтан Сатыбалды). Бас жүлде иегерлері – Мені прептаймда буллитьетеді (Асель Кенжебай, Сағыныш Ануарбеков).
Жекелеген номинациялар бойынша:
Үздік төреші Ақжан Бахытжанқызы
Үздік жас спикер – Сманова Ақбота (76.8)
Негізгі алаңның үздік спикері – Сұлтан Сатыбалды (80.6)
Турнир аясында қатысушылар үшін воркшоптар, тәжірибелік дәрістер және бейресми форматтағы диалогтар ұйымдастырылды. Бұл тек жарыс емес, пікірсайыс қоғамдастығы үшін байланыс, шабыт және кәсіби даму алаңына айналды.
Ұйымдастырушылар турнирдің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан серіктестерге алғыс білдіреді. «Дебат елі» қоғамдық қоры, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі («Антикор»), «Қазақ дебат» қозғалысы және турнирге алаң ұсынған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әкімшілігі – барлығының қолдауы бұл турнирдің сәтті әрі мағыналы өтуіне ықпал етті.
