
ЕҰУ университеттегі инклюзивті білім берудің қиындықтары мен шешімдерін талқылады

Еуразия ұлттық университетінде «Жоғары оқу орындарындағы инклюзивті білім беру: міндеттер мен шешімдер» атты 2-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Канада елдерінен ғалымдар, педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар, инклюзивті білім беру саласының мамандары және қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Конференцияны Инклюзивті қолдау орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті онлайн оқыту кафедрасы.
Сөз сөйлеу барысында Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетітің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ләззат Төлегенқызы атап өтті:
«Биыл университет инклюзивті орта мен қоғамды дамытуда өз рөлін атқарды.Бұл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үшінші миссиясы деп аталады, оған университет белсенді атсалысады.
Біз Әлеуметтік кодекс пен әлеуметтік қызметкерлерге, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандарға арналған кәсіби стандарттарды енгізу аясында мамандарды дайындаудың үлгі тұғырына айналудамыз», - деді проректор.
Салыстырмалы білім беру саясатының оқу-ғылыми институтының директоры, «Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетіне» ФГАОУ Мария Симонова инклюзивті білім берудің теориялық негіздері мен әдіснамасы туралы айтты.
«Инклюзивті білім беру әдістемесі, сөзсіз, барлық студенттерге, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге бірдей білім беру мүмкіндіктерін жасауға бағытталған принциптер, әдістер және тәсілдер жүйесін қамтуы керек.
Біздің жұмысымыз қазір әлеуметтік инклюзия принципіне негізделген. Осы жерден негізгі әдістер мен тәсілдер құрастырылады. Басты қағида – әрбір адам маңызды және әркімнің білім алуға құқығы бар», – деп атап өтті Мария Симонова.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ инклюзивті қолдау орталығының басшысы Ақнұр Мәжитова өз сөзінде:
«Сіздер жыл сайын республикамызда мүмкіндігі шектеулі жандардың санының өсу тенденциясын байқап отырсыздар. Біздің туу көрсеткіші өсіп келе жатқандықтан, жазатайым оқиғалардан ешкім сақтанбағандықтан, мүмкіндігі шектеулі жандардың саны өкінішке орай, ешқашан азаймайды. Осы орайда инклюзивті білім беру үрдісі біздер әрқашан дайын болуымыз керек», - деп атап өтті спикер.
Психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Назерке Бейсенова Еуразия ұлттық университеті қабырғасында инклюзивті кеңістікті қалыптастыру факторы ретінде психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы айтты.
Саймон Фрейзер университетінің (Канада) инклюзивті білім беру кафедрасының доценті Роберт Уильямсон баяндамасын халықаралық инклюзивті білім беру стратегиясын әзірлеу үшін модельдеу тақырыбына арнады.
Сондай-ақ конференция барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің бос уақытын ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер, университеттерде инклюзивті білім беруді жетілдіруде профессор-оқытушылар құрамының психологиялық біліктілігін арттыру, ойын терапиясы мен цифрлық құралдар және басқа да мәселелер талқыланды.
Шара аясында «Музыкалық терапия» және «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайлық көмек көрсету тәжірибесі» тақырыптарында шеберлік сабақтары өтті.
