
Физикалық және экономикалық география кафедрасының студенттері республикалық олимпиадада 2-орынға ие болды

2025 жылдың 24-25 сәуірінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «6B01524 – География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиада Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атынан қатысқан команда жалпы командалық есепте 2-орынды жеңіп алды. Команда құрамында:
-
Дрютов Константин Максимович, 2-курс білім алушысы, ГШ-22 тобы;
-
Аймаханова Асем Даулетқызы, 3-курс білім алушысы, ГШ-33 тобы.
Ғылыми жетекшісі – кафедраның аға оқытушысы Шұлғаубаев Ернұр Қайратұлы.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
-
1-кезең: теориялық тапсырмалар;
-
2-кезең: практикалық бағыттағы тапсырмалар.
Бұл олимпиаданың мақсаты – студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру және педагогикалық шеберліктерін дамыту. Біздің студенттеріміз жоғары білім деңгейін және практикалық дағдыларын сәтті көрсетті.
Физикалық және экономикалық география кафедрасы студенттері мен олардың ғылыми жетекшісін лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Табыстарыңыз арта берсін!
