
ҰЛЫ ЖЕҢІС - БІЗДІҢ ОРТАҚ ТАРИХИ ЖАДЫМЫЗ

2025 жылдың 25 сәуірінде т.ғ.д., Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Светлана Ивановна Ковальская Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысты. С.Ковальскаяның баяндамасы Ұлы Отан соғысы туралы шетелдік тарихнаманың қалыптасуын талдауға арналды. Баяндамада 1941-1945 жылдардағы тарихнама, 1945-1980 жылдардағы геосаяси жағдайдың ерекшелігі және тарихнаманың дамуы, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының ортасынан бастап қазіргі уақытқа дейін тарихнаманың дамуы секілді кезеңдерді сипаттауға басты назар аударылды.
Дөңгелек үстел жұмысына белгілі тарихшы ғалымдар, оның ішінде әскери тарих мамандары - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Ахметова Лайла Сейсембекқызы, Ресей Ғылым Академиясының Ресей тарихы институтының профессоры Бугай Николай Федорович, Satbayev University профессоры Мендикулова Гүлнара Малбагаровна, Қазақстан Республикасы кино-фотоқұжаттар ОМА директорының орынбасары Сатаева Сәуле Амантайқызы, Омбы мемлекеттік медицина университетінің профессоры Сорокин Юрий Алексеевич және басқалар қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторлары – профессор, ММУ Қазақстандық филиалы директорының орынбасары, ҚР ҰҒА академигі Р.Ж. Әбділдина, , және ММУ Қазақстандық филиалының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Ж.А. Ермекбай болды.

Дөңгелек үстелде соғыстың бастапқы кезеңінде Қызыл Армияның уақытша сәтсіздіктерінің себептерін талдаудан бастап, профессор М. К. Құсайыновтың жетекшілігімен «Надежда» мемориалдық аймағы іздеу отрядының қызметін сипаттау секілді Ұлы Отан соғысы тарихының әртүрлі аспектілеріне арналған өте қызықты және жоғары кәсіби әңгіме талқыланды.
