
Белсенді студенттер ЕҰУ инфрақұрылымын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізді





Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Инфрақұрылымды дамыту департаментінің бастамасымен студенттік қауымдастықтың белсенді өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шара университеттің материалдық-техникалық базасының жай-күйі мен дамуы: оқу корпустарының жабдықталуы, студенттер үйлеріндегі тұру жағдайлары, коворкинг аймақтарының құрылуы және оқу ортасының жайлылығын арттыру мәселелерін талқылауға арналды.
Кездесуге құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты:
- Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Ермек Алиев;
- Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Жамбыл Тлепов;
Экономика және жабдықтау жөніндегі директордың орынбасары Сания Сарсекова;
директорының орынбасары - бас инженері Ержан Күзенбаев жэне Оқу ортасын дамыту жөніндегі перспективалық бастамаларды талқылауға шақырылған Инвестиция тарту бөлімінің басшысы Павел Княжев.
Студенттер тарапынан кездесуге Студенттік кеңес, «International Law», «Парасат», «Image ENU» клубтары, «QamqorENU», «Жастар рухы» ұйымдары, студенттік құқықтар жөніндегі омбудсмен және басқа да белсенді ұйымдар өкілдері қатысты.
Кездесу барысында нақты ұсыныстар айтылды:
-оқу корпустарында (әсіресе ЦИСИ-де) орындықтардың жетіспеуі;
-әлеуметтік ғылымдар факультетінің интерьеріне жарқын элементтер қосу ұсынысы;
-барлық оқу корпустарында коворкинг аймақтарын құру;
-акт залдарын жаңарту, желдету жүйесін орнату, дәліздердегі жарықтандыруды жақсарту, грим бөлмелерін босату;
-бос кеңістіктерді тиімді пайдалану.
Барлық айтылған ұсыныстар мұқият тыңдалып, қарастыруға алынды.
Департамент өкілдері белсенді азаматтық ұстанымы үшін студенттерге алғыс білдіріп, мұндай диалогтың университет инфрақұрылымын жүйелі түрде жақсарту мен жайлылық деңгейін арттыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының экономика және жабдықтау жөніндегі орынбасары Сания Сарсекова студенттердің белсенді ұстанымына ризашылығын білдіріп, былай деді:
«Ең алдымен, кездесуге қатысқан барлық студенттерге алғыс айтқым келеді. Біз сіздердің бастамашылдығыңызды, егжей-тегжейге мән беру қабілеттеріңізді және университет ортасын қолайлы әрі заманауи етуге деген шынайы ұмтылыстарыңызды жоғары бағалаймыз. Дәл осындай ұсыныстар арқылы біз студенттердің нақты қажеттіліктерін көре аламыз. Инфрақұрылымды дамыту департаменті оқу корпустары, аудиториялар, жатақханалар мен коворкинг аймақтарында қолайлы жағдай жасау бағытында жұмысын жалғастыра береді. Біз ашықпыз, тыңдауға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Бірлесе отырып, ЕҰУ-ды оқу мен өзін-өзі дамытуға арналған жайлы, технологиялық және достық кеңістікке айналдыра аламыз».
Осындай кездесулер бекітілген кесте аясында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл университет әкімшілігі мен студенттік қауымдастық арасындағы өзара әрекеттестікке тұрақты алаң қалыптастырып, студенттік ортаның қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді
Студенттерден кері байланыс алу және ұсыныстар жинау мақсатында Инфрақұрылымды дамыту департаментінің ресми Instagram парақшасы ашылды @dri_enu2025. Әрбір студент осы парақшаға инфрақұрылымды жақсартуға байланысты өз ескертулері мен идеяларын жолдай алады.
