
ЕҰУ өкілдерінің Нидерландыға Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясындағы сапары











Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің өкілдері Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында өткен Халықаралық аптаға қатысты.
Netherlands Business Academy ректоры, профессор Ян ван Цвейтеннің шақыруымен 2025 жылғы 28 сәуір мен 2 мамыр аралығында Еуразия ұлттық университетінің делегациясы құрамында Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері – Айдын Абай мен Бахытжан Ақан, корпоративтік хатшы Мадияр Орынбаев, сондай-ақ Eurasian Netherlands Business School директоры Армияш Нұрмағамбетова Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясындағы іс-шарасына қатысты.
Бағдарлама Нидерландының Дордрехт қаласында Netherlands Business Academy базасында өтті және Қазақстан, Грузия және Украина университеттерінің өкілдерін біріктірді. Оқыту жоғары білімдегі басқару мен көшбасшылықтың заманауи тәсілдеріне арналды.
Бағдарламаның негізгі тақырыптары:
- Нидерландының білім беру жүйесі (NLBA оқытушыларымен дәрістер және талқылаулар);
- Полиция академиясындағы оқыту әдістері (Апелдорн қ.);
- Свен Бюргерстің білім беру инновациялары бойынша сессиясы;
- Білім берудегі көшбасшылық – профессор Ян ван Цвейтен мен NLBA командасының дәрістері мен семинарлары.
Бағдарлама аясында бейресми қарым-қатынасқа, тәжірибе алмасуға және түрлі елдерден келген қатысушылар арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал ететін тимбилдинг те ұйымдастырылды.
Бағдарламаға қатысу NLBA-мен академиялық серіктестікті нығайтуға және бірлескен білім беру бастамалары, ғылыми жобалар мен халықаралық мобильділікті дамыту сияқты болашақ ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
