
«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар мен докторанттар арасында ҒЗИ байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар мен докторанттар арасындағы (МҒЗЖ, ДҒЗЖ) Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының ІІ кезеңін аяқтады.
Байқауға келесі жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары қатысты: Қазақ спорт және туризм академиясы (Алматы қ.); Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.); әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.); Туран университеті (Алматы қ.).
Эксперттік бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жұмыстар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Байқау туризм саласындағы магистранттар мен докторанттардың ғылыми дайындығының жоғары деңгейін, сондай-ақ ұсынылған тақырыптардың өзектілігін көрсетті. Жұмыстар ғылыми жаңалыққа, практикалық бағыттылыққа және көпсалалы тәсілге ие болды. Байқау нәтижелері Қазақстан Республикасында тұрақты, экологиялық және интеллектуалды туризмге қызығушылықтың артып келе жатқанын дәлелдейді.
Протокол «7М11105 - Туризм» Білім беру багдарламасы бойынша
Протокол «8D11105 - Туризм» Білім беру багдарламасы бойынша
