
"Шығыстану" бағыты бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсының нәтижелері жарияланды



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде «6В02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурс өткізілді.
Конкурсқа 3 жоғары оқу орнынан (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) 14 ғылыми-зерттеу жұмыс түсті. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстары сарапталып, жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясының қорытындысымен келесі жеңімпаздар анықталды:
I орын - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті «6B02209-Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенті Мәди Есбол. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент К.Ільясова.
II орын - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті «6B02209-Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенті Дильназ Адайхан. Ғылыми жетекшісі: PhD докторы, доцент м.а Г. Бірімқұлова.
II орын - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті «6B02207-Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті Сәкен Ермахан. Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы А.Түргенбай.
II орын - III орын - Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультеті «6B02201-Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті Мийргүл Құтыбаева. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Ж.Есеркепова.
III орын - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті «6B02209-Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенті Дана Танатқанова. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., доцент Б.Абжаппарова.
III орын - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті «6B02209-Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенті Самира Тухтарова. Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Г.Өтеулиева.
