
Түркістандағы XIII жазғы Универсиадада ЕҰУ шахмат командасы жүлделі 2-орын иеленді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шахмат командасы Түркістан қаласында өтіп жатқан XIII жазғы Универсиадада жүлделі 2-орынға ие болды.
Команда құрамында келесі факультеттердің студенттері бар: Арлан Абузяров – заң факультеті, Арлен Абдрашев – Білім жоғары мектебі, Алимжан Аяпов – экономика факультеті, Мақсат Жакен – жаратылыстану ғылымдары факультеті, Мирас Жасан – Білім жоғары мектебі, Айдана Күшбай – физика -техника ғылымдары институты, Томирис Сүлеймен – саулет-құрылыс факультеті.
Жеке нәтижелер: 4-тақта бойынша 2-орынды Арлан Абузяров иеленді, 5-тақта бойынша 2-орынды Томирис Сүлеймен жеңіп алды
Айта кетейік, 10 мамыр мен 14 маусым аралығында Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінде еліміздің жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XIII жазғы Универсиада өтуде.
Аталған жарысқа 76 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысып, 17 спорт түрінен сынға түсуде. Олардың қатарында бадминтон, үстел теннисі, баскетбол, шахмат, таэквондо, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, каратэ-до, волейбол, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, қазақ күресі, бокс, жүзу және футзал бар. Оның ішінде ұлттық спорт түрлері – тоғызқұмалақ пен қазақ күресіне 600-ден астам студент қатысуда.
