
6В07102 - Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-3 курс білім алушыларының өңдірістік тәжірбиесін ұйымдастыру конференциясы
Конференцияның басында кафедра меңгерушісі Ускенбаева Г.А. білім алушыларға өңдірістік тәжірибеде сәттілік тіледі. Өңдірістік тәжірибеге жауапты аға оқытушы Танирбергенова А.А. білім алушылар өңдірістік тәжірибені белгіленген мерзім бойынша 2-курс 19.05.25-07.06.25 аралығында, ал 3- курс үшін 19.05.25-21.06.25 арлығында өтетінін түсіндірді. Сонымен қатар құжаттармен және Smart.enu бағдарламасымен таныстырып өтті.
Жүктеме бойынша бекітілген өңдірістік тәжірибе жетекшілері білім алушылардың есептерін, күнделік және жұмыс жоспарларын 2-курс үшін 09.06.25-14.06.25 аралығында, ал 3-курс үшін 23.06.25-28.06.25 аралығында қабылдайтынын айтты. Барлық тәжірибе жетекшілері мен білімалушылар өңдірістік тәжірибеге қатысты толық құжаттармен таныстырылды.
Өңдірістік тәжірбиесін ұйымдастыру конференциясы онлайн бағытында өткізілді.
Өңдірістік тәжірбиесін ұйымдастыру конференциясына 21 штаттық кестедегі оқытушы құрамы қатысты.
