
16 мамырда психология кафедрасы 2 және 3 курс студенттеріне тәжірибеден өту бойынша бағдар беру конференциясын өткізді









16 мамыр күні 2 курс студенттеріне оқу практикасы және 3 курс студенттеріне өндірістік (психодиагностикалық) практика бойынша нұсқаулық конференция өтті.
2 курс студенттері үшін бұл – алғашқы кәсіби практика болып табылады.
Нұсқаулық конференция барысында практика жетекшілерінің бірі, кафедрадағы практикаға жауапты Ганиева Г.Х. студенттерге практиканы өткізу тәртібі мен қорытынды конференцияға арналған есептік құжаттарды рәсімдеу бойынша толық әрі жан-жақты түсініктеме берді.
Соңғы жылдардағы дәстүр бойынша психология кафедрасының студенттері тәжірибе өтетін базаны кафедрамен келісу арқылы, ұсынылған тізім негізінде және ынтымақтас ұйымдардың сұраныстарын ескере отырып, өздері таңдауға мүмкіндік алады.
Биыл да студенттердің басым бөлігі дәстүрлі түрде келесі тәжірибе базаларын таңдады: кафедра филиалы – «Астаналық интегративті және отбасылық психология институты» ЖШС, Астана қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Астана қалалық психикалық денсаулық орталығы, «Komek center» ЖШС, «Үміт» дағдарыс орталығы КММ, «Neurons D&L академиясы» ЖК. Сонымен қатар, студенттер жаңа тәжірибе базаларын да таңдады, олар: «Психологиялық қолдау көрсету орталығы» КММ, Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштері, «Бақытты Шаңырақ» ҚБ және т.б.
Нұсқаулық конференцияның соңында практика жетекшілері Ганиева Г.Х. мен Гитихмаева Л.М. студенттерге сәтті практика тіледі.
19 мамырдан бастап студенттер практиканы өтуге кірісті.
