
#ENUscience: ЕҰУ ғалымдарының 60 жобасы Ғылым комитетінің гранттарын жеңіп алды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсының қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары 60 жобаны жеңіп алды. Оның ішінде – 18 қолданбалы, 42 іргелі зерттеулер.
Ең көп гранттар саны «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» – 16 жоба, одан кейін «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» – 10 жоба, «Жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулер» – 9 жоба, «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» бағыты бойынша – 7 жоба, «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» – 6, «Энергетика және машинажасау» – 4 жоба және соншалықты «Өмір және денсаулық туралы ғылымдар» бағыты бойынша, 3 жоба – «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология» бағыты бойынша, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс – 1 жоба.
Мемлекеттік қолдауға ие болған ЕҰУ ғалымдарының ғылыми жұмыстарының басым бөлігі басым бағыт болып табылады.
