
ЕҰУ да Жазғы әдістемелік онкүндікте білім беру үрдістері талқыланды











Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Білім берудегі трендтер: жеке тұлғаға бағытталған тәсіл – заманауи оқытудың векторы» атты жазғы әдістемелік онкүндігі аяқталды.
Онкүндік аясында оқытуды дараландыруға бағытталған тәжірибе мен заманауи тәсілдер алмасу болды. Білім беру ортасын жекелендіру, бейімделген оқыту және заманауи цифрлық технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Баяндамаларымен Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессорлары Нурбубу Асипова, тақырыбы «Қазіргі жағдайда білім берудің жекелендіруінің теориясы мен практикасы» және Гүлмира Қарабалаева, жоғары мектеп педагогикасы кафедрасының меңгерушісі, тақырыбы «Жеке білім беру ортасы - студенттердің үлгерімін арттыру құралы ретінде» сөз сөйледі№
Онкүндік барысында жоғары білім берудегі әдістемелік қамтамасыз ету мен инновациялық тәсілдердің түрлі аспектілерін қамтыған 27 мазмұнды баяндама ұсынылды. Олар тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, тәжірибе алмасқандары және сапалы білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
