
ЕҰУ студенттерді жатақханаларға қосымша орындармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Студенттік үйлерді жаңа оқу жылына дайындауды аяқтап қалды. Қазір жекелеген студенттік үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қалғандары 15 тамызға дейін дайын болады. Сондай-ақ, ЕҰУ студенттерге қосымша орындарды қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Осы кезеңде 775 орындық жатақханалармен және хостелдермен келіссөздер жүргізілуде. Бұл жұмыс алдағы уақытта одан әрі жалғасады.
Университеттің өзінде 4 мыңнан астам адамға арналған 8 студенттік үй бар. ЖОО жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін Қаржы орталығымен, жатақханалармен және қонақ үйлермен білім алушыларға орын беру туралы келіссөздер арқылы шешеді. Жеке инвесторлар биыл пайдалануға берілетін тағы екі жатақхана салып жатыр.
Қоныстану кезінде ең алдымен бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі. Бұл ретте ЖОО білім алушылардың әлеуметтік жағдайын ескереді. Бірінші кезекте жатақхана жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға беріледі және олар тегін тұрады .Бұл жеңілдіктер осы әлеуметтік топқа жататын магистранттар мен докторанттарға да қолданылады.
Бос орындар болған жағдайда жатақханаға 2-5 курс студенттері, сондай-ақ көп балалы, толық емес әлеуметтік осал отбасылардан және мүмкіндігі шектеулі зейнеткер ата-аналары бар, жұмыссыздар, Ауғанстандағы соғысқа қатысушылар немесе отбасында екі және одан да көп баласы бар орналасады.
Студенттерді жатақханаға орналастыруға қатысты барлық қажетті ақпарат Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ресми сайтында https://www.enu.kz/ru/page/student-life/infrastructure/student-houses Студенттік өмір бөлімінде инфрақұрылым бөлімі (Студенттік үйлер) орналастырылған.
Мұнда білім алушылар студенттік үйлерге орналасу ережелері, тәртібі мен кестесі, студенттік үйлерде тұру құны, бірінші курс студенттеріне арналған Студенттік үйге орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар тізімі және т.б. туралы ақпарат ала алады.
Студенттерді қоныстандыру мәселелері бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 708 425 1700, + 7 (7172) 709500, вн. 39-113; 39-114.
Сондай-ақ, сілтеме бойынша өту арқылы ЕҰУ қабылдау комиссиясының call-center орталығына жүгінуге болады: https://enu.kz/ru/page/applicants/information-for-bachelor-degree-applicants/call-center
Егер студенттер қоныстану барысында қандай да бір қиындықтарға тап болса, олар Омбудсмен Неля Лукпанқызы Шапековаға +77057436003 (ватсап) телефоны арқылы хабарласуына немесе өз өтініштерін электрондық пошта арқылы жіберуіне болады: Shapekova_nl@enu.kz.
