
«Қазақ есімдерін цифрлық платформа аясына жинақтау және жаңа технологияларға бейімдеу» ғылыми жобасы аясындағы іссапар





AP23489736 «Қазақ есімдерін цифрлық платформа аясына жинақтау және жаңа технологияларға бейімдеу» ғылыми-зерттеу жобасының жетекші ғылыми қызметкері Сыздықова Гүлбаршын Олжабайқызы жоба бойынша материалдар жинау мақсатында 2025 жылдың 26 мамыр – 1 маусымы аралығында ғылыми іссапармен Ақтау қаласында болды. Іссапар барысында Ақтау қаласындағы Маңғыстау облысының мемлекеттік архив қорында жоба тақырыбы бойынша құжаттармен жұмыс жүргізіп, материалдар жинады.
Жоба жетекшісі және мүшелері атынан «Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві» КММ директорының орынбасары Р.С. Кубегеноваға, Архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы М. Бекарысоваға, Архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің сектор басшысы А. Абдуллинаға, архивші Б. Искаковаға ерекше алғыс білдіреміз.
