
Рухани Астана – Түркістан қаласында өткен плэнер практикасы

2025 жылдың 25 мамыр мен 4 маусым аралығында Сәулеттік дизайн және Графикалық дизайн білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері Түркістан қаласы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу практикасын өткізді. Практика жетекшісі, қауым. профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Турикпенова Сандугаш Жумановна.
Практиканың алғашқы күні студенттер университет ғимаратының ішкі, сыртқы көрнісі және «Бейнелеу өнері» кафедрасының материалдық базасы, оқу шеберханалары, студенттердің шығармашылық жұмыстары және профессор оқытушылар құрамымен танысты.
Оқу практикасының негізгі мақсаты — студенттердің табиғи ортада, тарихи және заманауи қалалық кеңістіктерде шығармашылық бақылау жүргізу арқылы сызба, эскиз және сурет салу дағдыларын дамыту. Сонымен қатар кеңістіктік қабылдау, композициялық ойлау, форма мен түсті бейнелеу қабілеттерін жетілдіру болып табылады.
Практика барысында студенттер түрлі техникаларда (графит, акварель, гуашь, акрил, көмір, түрлі түсті қарындаш) эскиздер мен суреттер салып, қала кеңістігін бейнелеуде көркемдік тәсілдерді еркін қолдануға мүмкіндік алды. Студенттерге арнайы «Ебру» өнерінен Туркия мемлекеті Трабзон университетінің профессоры Ахмет Туре шеберлік сыныбын өткізді. Студенттер аз уақыт ішінде «Ербу» өнерін меңгеріп, әр түрлі суреттер салды.
Түркістан қаласы мәдени мұраға бай сәулеттік ғимараттарымен ғана емес, сонымен қатар заманауи архитектуралық кешендерімен де ерекшеленеді. Студенттер Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, тарихи ескі қала аумағы, сондай-ақ жаңадан бой көтерген заманауи нысандармен танысып, сәулеттік ансамбльдердіграфикалық және сәулеттік тұрғыдан зерттеп сызбасын сызып, бояумен суретін салды. Тарихи кесені салудың қыр сырын Ясауи университетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мамбетаев Ермек Бахытжанұлы өз шеберлік сыныбында түсіндіріп көрсетті.
Түркістан қаласындағы оқу тәжірибе болашақ дизайнерлер үшін тарихы мен қазіргі заманның үндестігін шығармашылық жолмен түсінуге мүмкіндік берді.
Оқу практикасы нәтижесінде студенттер шығармашылық жұмыстарын толықтырып, шығармашылық көзқарасын нығайтып, тарихи-мәдени ортадағы көркемдік талғам мен заманауи дизайн элементтерінің үйлесімділігін тәжірибе жүзінде меңгеріп қайтты.
