
2024–2025 оқу жылына арналған “Ботаника” пәні бойынша оқу-далалық практика

“Ботаника” пәні бойынша оқу-далалық практика аясында биология білім беру бағдарламасының БГ-11, БГ-12, БГ-13 топтарының білім алушылары оқу-далалық практика жетекшілері – жалпы биология және геномика кафедрасының биология ғылымдарының кандидаты А. Д. Дукенбаева мен PhD докторы, доцент А. Д. Спанбаевтың жетекшілігімен қатысты. Практика Ақмола облысы, Қоянды ауылындағы “Золотой Фазан” демалыс аймағында өтті.
Оқу-далалық практика барысында 1-курс студенттері дәрістер мен зертханалық сабақтар барысында алған теориялық білімдерін практикада қолданып, алты экожүйеде өсетін флораның анатомиясы, морфологиясы және жүйелеу саласындағы білімдерін тереңдетті: орман, орман жиегі, дала, шабындық, жағалау аумақтары және демалыс аймағының аумағы.

Оқу-далалық практика барысында білім алушылар өсімдіктердің таксономиялық әртүрлілігін, олардың тұқымдастарын, өсу жағдайларын, морфологиялық, анатомиялық құрылым ерекшеліктерін және қоршаған ортаның түрлі жағдайларына бейімделуін тікелей зерттеді. Сондай-ақ маусымдық өзгерістер, көбею тәсілдері мен тұқымдар мен жемістердің таралу жолдары анықталды. Зерттелетін өңір флорасын жан-жақты зерттеу 100-ден астам түрден тұратын гербарий үлгілерінің арқасында мүмкін болды. Студенттер гербарий дайындау ерекшеліктерімен – кептіру, престеу, материалдар дайындау (гербарийлік папка, тор және қосымша құралдар) – танысты.
Оқу-далалық практикаға қатысқан топтар флораны зерттеумен ғана шектелмей, сонымен қатар спорттық, ойын-сауық және танымдық іс-шараларға белсенді қатысып, оларды өздері де ұйымдастырды.

Өткен практика нәтижесінде студенттер жаңа дағдыларды меңгеріп, университетте алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Сонымен қатар, топпен бірлесіп жұмыс істеу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік қабілеттерін дамытты.

Оқу-далалық практика студенттердің танымдық қабілеттерінен бастап әлеуметтік дағдыларына дейінгі барлық қырларын дамытуға зор үлес қосты. Алынған тәжірибе мен дағдылар болашақта олардың кәсіби дамуына елеулі әсер етіп, үлкен көмегін тигізеді.
