
Биология мамандығының студенттері Қорғалжын мемлекеттік қорығында – 2025
Жалпы биология және геномика кафедрасының 6В05107 - «Биология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері 2025 жылдың 26 мамыр мен 5 маусым аралығында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы территориясында жазғы оқу-далалық практикасын өтті.
Қорғалжын ауданында студенттер қорықтың орталығы мен табиғат мұражайында болып, оның тарихымен, фаунасымен танысты. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Бүкіләлемдік ЮНЕСКО мұрасы тізіміне кіреді, онда орналасқан Тенгиз-Қорғалжын көл жүйелері Қазақстанда және бүкіл Азияда жыл құстары үшін ең маңызды сулы-батпақ алқаптардың бірі болып саналады. Қорық Астана қ. оңтүстік-батысқа қарай 130 км қашықтықта орналасқан, сонымен қатар өзінің көлді-жазықтық алқаптары мен алуан фаунасымен әйгілі. Бұның барлығы зоологиядан далалық практиканың қорықта өтуіне бірден бір себеп болады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы арасында бірнеше жылдар бойы ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалып отыр. Қорық басшылығы осы жолы да биология мамандығының 2-курс студенттерін қонақжай қарсы алып, практикаға қажет барлық жағдайлар жасады. Студенттер Сұлтанкелді көл жағасында орналасқан Қаражар кордонындағы жайлы ағаш үйлерде орналасты.
Студенттер күн сайын таң атқаннан тұрып, қорық бойына эскурсияға шықты, жануарлардың алуан турлерін кездестірді.

Құстар фаунасы айрықша бай. Дала және су құстарын бақылап, олардың түсі мен мінез-құлқын көре алдық. Көлде, дала алқабында және ауада қызғылт фламинго, аққулар, қаздар, бірқазандар, үйректердің бірнеше түрлері, үлкен аққұтан, су құзғыны және т. б құстардың түрлері кездесті.


Биылғы жылы студенттерге бірнеше жабайы сүтқоректілердің түрін көруге мүмкіндік туындады. Екі аналық доңыз бен және тоғыз доңыздың балаларын жақыннан көре алды. Доңыз жануарын аталған ара қашықтықтанда жақындап бақылауға болар еді қауіпсіздік шараларын ұстанғандықтан өте жақын бармадық, бірақ осы ара қашықтықта жабайы табиғат жануарын көрудің өзі білім алушыларға үлкен әсер етті!

Борсық жануарының да тіршілік ету барысын бақылауға мүмкіндік туды.

Ақкіс-сүйкімді қозғалысы тез жануар, Қаражар кордонының аумағында тышқандарды үнемі аулап жүрді, тышқандарды аулаумен қарбалас болып жан-жағында қаумалаған адамға да мән бермеді.

Солтүстікте тіршілік ететін ерекше жануар - бөкеннің бірі ақбөкендерді (Saiga tatarica) кездестірдік! Қаражар кордонының маңында ақбөкендердің шағын табыны жайылып жүрді, кенеттен шексіз даланың ортасында Еуразия ұлттық университетінің биолог-студенттеріне таң қалғандай қарады. Студенттер ақбөкендерге жақындап бақылайын дегенде олар бірден қозғалып алысқа жүгіріп кете барды.

Түстен кейін студенттер түрлі омыртқасыздарды жинап, соның ішінде насекомдарды ұлғайтқыш құралмен олардың түрлерін анықтады.

Қорғалжын мемлекеттік қорығының ғылыми бөлімінің қызметкерлері екінші курс білім алушыларына Қорғалжын қорығында тіршілік ететін түрлердің флорасы мен фаунасын таныстырды.

Оқу-далалық практика – бұл тек экскурсия және сабақ емес, соңымен қатар студенттердің бірге тамақ дайындау және әртүрлі ойындар барысында бір-бірімен араласып, көңіл көтеруге керемет мүмкіндік!
Қарбалас күннен кейін студенттер көлде таңғажайып күннің батуын күтті!
Біз қорықтың басшылығына және қызметкерлеріне практика өтуге мүмкіндік беріп отырғандары үшін алғысымызды білдіреміз. Қорытындылай келе, студенттер зоология пәнінен алған білімдерін оқу-далалық практикамен іс жүзінде бекітті, Қорғалжын қорығының ерекше табиғаты мен фаунасымен таныс болды, омыртқасыздардың коллекциясын жинады, сонымен қатар құнды тәжірибе жинап, практикадан студенттерге жарқын әсер қалдырды.
Практика жетекшілері: Тагаев Д.А., Асильханова Р.З.
Фото: Тагаев Д.А.
