
ЕҰУ-дің «Туризм» кафедрасының білім беру бағдарламалары – ЖОО-лардың 2025 жылғы Ұлттық сұраныс рейтингі көшбасшылары қатарында





Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының 2025 жылғы Ұлттық сұраныс рейтингі нәтижелері бойынша, Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (НААР) жасаған рейтингке сәйкес, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Туризм» кафедрасының білім беру бағдарламалары жүлделі орындарға ие болып, өздерінің жоғары мәртебесін растады.
1-орынды келесі білім беру бағдарламалары иеленді:
6B11105 – Туризм (бакалавриат);
8D11105 – Туризм (докторантура).
2-орынды келесі магистратура бағдарламалары иеленді:
7М11105 – Туризм;
7М11107 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі.
4-орынға ие болған білім беру бағдарламасы:
6B11107 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі (бакалавриат).
Бұл нәтижелер оқу үдерісінің жоғары сапасының, белсенді ғылыми-зерттеу қызметінің, студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуінің және кафедраның индустрия өкілдерімен тығыз байланысының дәлелі болып табылады.
«Туризм» кафедрасы сапалы білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін оқытушыларға, студенттерге және серіктестерге алғыс білдіреді. Біз туризм және қонақжайлылық саласы үшін құзыретті және кәсіби мамандарды даярлауды жалғастыра береміз.
