
ЕҰУ-ды неліктен таңдайды?

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерге кең ауқымды білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерін ұсынатын Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Таңдауға келгенде, «Неге ЕҰУ?» Бұл сұрақ түлектер мен студенттер және алмасу бағдарламасы бойынша білім алушыларға қойылды, төменде біз оның жауабын білетін боламыз.
Бүгінде университет қабырғасында 20 мыңға жуық студент бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуда. 29 жыл ішінде ЕҰУ-ды 80 мыңнан астам бакалавр бітірді.
ЕҰУ заң факультетінің студенті Камила Тортаева: «Мектепте 11-сыныпта оқып жүргенде «Қайда барамын, қай университетті таңдасам екен?» деп ойлана бастадым. Мені қызықтыратын мамандықтың бірнеше нұсқалары болды. Пікірлерді оқыдым, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін зерттедім, салыстырдым. Ең оңтайлы жағдайлар ЕҰУ-да болды».
Журналистика факультетінің 2023 жылғы түлегі Әлия Әбішева мектепті бітіргеннен кейін оның таңдауы неге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түскенімен бөлісті: «Мен ЕҰУ-ды таңдадым, өйткені ол маған болашақ даму үшін керемет жоғары ұлттық оқу орны болып көрінді. Университетте оқып жүргенде ең қызықты да білімді оқытушылардан білім мен баға жетпес тәжірибе алдым және қателескен жоқпын, Мамандығым бойынша қызықты тағылымдамадан өтуге қол жеткіздім және университет маған мүмкіндіктердің барлығын берді. Сондай-ақ, университетті таңдағанда мен оның рейтингін зерттедім, Еуразия ұлттық университеті мені өз жетістіктерімен қызықтырды. Менің факультетімде шетелде оқыған және тәжірибеден өткен оқытушылар көп болды. Бұл маған мүмкіндіктерімді кеңейтуге және тәжірибемді қабылдауға жол ашты».
Университет тарихында магистратураны 70 мыңнан астам маман тәмамдаған. Экономика факультетінің 2025 жылғы түлегі Нұрислам Асанов неліктен ЕҰУ-да оқуын жалғастыру туралы шешім қабылдағанын былай деп жеткізді: «Мен Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына бірнеше себептермен түстім. 2023 жылы бакалавриатты бітірдім, оқу ұнады, көп ойланбастан осы университеттің магистратурасына оқуға түсуге өтініш бердім. Оқытушылар құрамы маған тек жақсы әсер қалдырды, бұл маған сапалы білім алуға сенімділік берді».
Жыл сайын 300-ге жуық студент «Welcome to ENU» бағдарламасы арқылы алмасуға келеді. Ресей Федерациясынан келген Никанор Атлас бұл бағдарламаны неге таңдағанын айтты: «Өздеріңізге мәлім, Солтүстік-Шығыс федералдық университетінде Қытай мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге ниет білдірген студенттерге арналған көптеген бағдарламалар бар. Достардың жауаптарын салыстыра отырып, маған ЕҰУ бағдарламасы ең жақын деген қорытындыға келдім. Өйткені бұл университетте оқу әдеттегі дәрістерге емес, тәжірибе мен шығармашылыққа көбірек бейім болды. Өзім шығармашылықты жақсы көретіндіктен және жалықтыратын нәрселерден бір сәт арылып, «басқаша қалай үйренуге болатынын» білгім келді. Сонымен қатар, мені Қазақстан мәдениеті қатты қызықтырды. Мұнда маған барлығы ұнады: танысу, оқу, курстастармен уақыт өткізу және қазақ тіліндегі түрлі іс-шараларға қатысу. Осындай мүмкіндік берілгеніне өте қуаныштымын және Қазақстан мен ЕҰУ-ды өмір бойы есімде сақтаймын».
Осы жауаптарға сүйене отырып, олар ЕҰУ-ды әр түрлі аспектілерге байланысты таңдайды деп айтуға болады, бірақ ешкім өз таңдауына өкінбейді және студенттік жылдарды тек жақсы жағынан еске алады.
Максим Трефилов, ЕҰУ журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3 курс студенті
