
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының оқытушылары Германия Елшілігімен бірлесіп Climate Talks жазғы мектебін ұйымдастыруға қатысты











2025 жылдың 2–10 маусымы аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Eurasian Climate Talks» атты Жазғы мектеп өтті. Іс-шараны Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг кафедрасының оқытушылары Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен бірлесіп ұйымдастырды.
Жазғы мектеп аясында климаттың өзгеруі, биоәртүрлілік, орнықты табиғат пайдалану және халықаралық экологиялық ынтымақтастық мәселелеріне арналған дәрістер, практикалық семинарлар мен пікірталастар өткізілді. Орталық Азияда жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастырудағы ғылым мен білімнің рөліне және «жасыл» бастамаларды қолдауға ерекше назар аударылды.
Кафедра оқытушылары баяндамалар жасап, тақырыптық сессияларды жүргізіп, өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен және экология мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
Кафедра Германия Елшілігіне көрсеткен қолдауы үшін, сондай-ақ экологиялық күн тәртібі мен академиялық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіреді.
