
Білім беру бағдарламаларының Білім беруді (қайта)аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығында (САААЕ) аккредиттеу нәтижелері
2025 жылғы 09 маусымдағы Білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы Аккредиттеу кеңесінің шешімімен университеттің 11 білім беру бағдарламалары келесі мерзімге аккредиттелді:
- 6В07113 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары - 7 жылға;
- 7М07113 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары - 7 жылға;
- 7М07550 - Метрология (салалар бойынша) - 7 жылға;
- 7М07117 - Жылуэнергетика - 6 жылға;
- 6В07320 - Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың сәулеті - 6 жылға;
- 7М07320 - Сәулет - 5 жылға;
- 6В02121 - Сәулеттік дизайн - 5 жылға;
- 7М02121- Дизайн - 5 жылға;
- 7М07361 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру - 7 жылға;
- 6В07311 – Геодезия және картография - 5 жылға;
- 7М07311 – Геодезия - 5 жылға.
Сонымен қатар Аккредиттеу кеңесінің шешімімен магистратура деңгейі бойынша 5 білім беру бағдарламасына EUR-ACE Lable берілді.
Олар – 7М07113 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары, 7М07361 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру, 7М07320 - Сәулет, 7М07550 - Метрология (салалар бойынша), 7М07117 – Жылуэнергетика бағдарламалары.
EUR-ACE Lable оқытудың жоғары стандарттарына сәйкестігін растайтын және түлектерге Еуропада жұмысқа орналасуда артықшылық беретін инженерлік бағдарламаларға берілетін еуропалық сапа белгісі.
Аккредиттеу туралы сертификаттарды табыстау үшін 2025 ж. 12 маусым күні университетке арнайы Білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығының өкілдері – Ахметжан Рахымбайұлы, вице-президенті және Ерулан Сағидолда, агенттіктің сыртқы істер бойынша директоры, Білім берудегі сапаны қамтамасыз етудің Орта Азиялық федерациясының бас хатшысы келді. Ерулан Сағидолда құттықтау сөзінде аккредиттелген білім беру бағдарламаларының Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Орталық Азия тізіліміне енгізілгенін хабарлап, тиісті сертификатты университет басшылығына, атап айтқанда Академиялық мәселелер жөніндегі проректор – Басқарма мүшесі Ардақ Бейсенбайға табыстады.
Аккредиттеу жөніндегі сертификаттарды табыстау рәсіміне сәулет-құрылыс және көлік-энергетика факультеттерінің декандары, кафедра меңгерушілері қатысты.
Ардақ Бейсенбай аккредиттеуден өткен білім беру бағдарламаларының жетекшілерін жоғары жетістіктерімен құттықтап, болашақта үлкен және маңызды табыстарға жетуді тіледі.
