
Білім алушы - географтар Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік объектілері бойынша өндірістік практикадан өтті

2025 жылдың 26 мамыр мен 5 маусым аралығында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6B05209 – География білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Павлодар қаласында Торайғыров университеті базасында кәсіби өндірістік практиканы өтті. Кәсіби өндірістік практика болашақ географтарды даярлау бағдарламасының маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені олар нақты жағдайларда теориялық білімді бекітуге және кәсіби дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тәжірибенің мақсаты - Павлодар қаласы мен облысы кластерлері бойынша экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін зерттеу.
Еліміздің ұлттық экономикасы мен өнеркәсібінің негізгі драйверлерінің бірі болып табылатын Павлодар өңірінің кәсіпорындары, бұнда өндірістік практика барысында студенттер кәсіпорындар мен нысандарының қызметімен, өндірістік және технологиялық үрдістерімен таңыса тұра, келесі ұйымдарға барды:
- «ҚазЭнергоКабель» АҚ – 1994 жылы өнімнің алғашқы партияларын – негізінен оқшауланбаған өткізгіштерді шығаруға кірісті, сонымен бірге 1996 жылы кәсіпорын ғимаратының корпустарын салуды жүзеге асырды, шығарылатын өнім номенклатурасы 18 000-нан астам атаулар мен маркоөлшемдері бар кабельдік-өткізгіш өнімдердің жасайтын ірі отандық өндірушісі.
- Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи – өлкетанулық мұражайы – 1942 жылы "Қазақстанды зерттеу қоғамы" облыстық бөлімшесінің базасында фотограф-өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев құрған. Ол бірінші директор болды. Оның фотосуреттері мен экспонаттары мұражай коллекциясына енді. 1959 жылы бұл мұражайға саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Г.Н. Потаниннің есімі берілді. Мұражайдағы экскурсия барысында студенттерге облыстың палеонтологиялық тарихы, Ертіс-Баян аймағының қазіргі заманымызға дейінгі тарихы, облыстың жергілікті мәдениеті туралы айтылды.
- Баянауыл МҰТП— 1985 жылы мемлекеттік табиғат қорғау кешені мәртебесін алған Баянауыл өзінің табиғи қайталанбас флорасы, фаунасы және тарихы бар бірегей табиғат қорғау ескерткіші болып табылады. Студенттер ұлттық паркті аралау барысында Баянауыл ауданының туристік-рекреациялық әлеуетінің мүмкіндіктерін анықтау мақсатында Сабындыкөл, Жасыбай көлдерін, Қоңыр Әулие үнгіріне, Қаныш Сәтпаев мемориалдық мұражайы сияқты көркем нысандарына барды.
- «ҚазМұнайХим» ЖШС – өңдеу өнеркәсібінің саласы бола отырып, бұл кәсіпорын дизель отынына арналған қоспалар, осмос (тұзсыздандырылған су), ингибитор, тұз шөгінділерінің еріткіші, қышқылдар, баз (беттік-белсенді заттар) және т. б. сияқты басқа да химиялық өнімдерді шығарады.
- «Қазақстанның алюминийі» АҚ – 1964 жылы негізі қаланған Павлодар Алюминий зауыты - бұл зауыт Қазақстанда алюминий тотығын (алюминий өндіруге арналған шикізат) өндіретін жалғыз кәсіпорын, сондай-ақ Павлодар облысының ірі жұмыс берушісі болып табылады. Кәсіпорын Қостанай және Павлодар облыстарында кеніштерде өндірілетін боксит пен әктастан сазтопырақты өндіреді. Оның құрамына: Павлодар алюминий зауыты, ЖЭО-1, Краснооктябрь боксит кен басқармасы (Қостанай облысы), "Керегетас" әктас кеніші (Павлодар облысы) кіреді. Бұл зауттың ерекшелігі – бұл алюминий тотығын (Al2O3) алудың екі негізгі технологиясы қолданылатын әлемдегі жалғыз өндіріс: Байердің гидрохимиялық әдісі және балқыту әдісі. Байер әдісі жоғары сапалы төмен SiO2 бокситтері үшін қолданылады. Балқыту әдісі әртүрлі кендерді, соның ішінде жоғары кремнийлі бокситтерді, нефелин концентраттарын, алюминий кальций шлактарын өңдеу үшін қолданылады.
- «Қазақстанның электролиз зауыты» АҚ – 2007 жылы ашылған, Қазақстандағы алғашқы және жалғыз жоғары маркалы алюминий өндірушісі. Ол отандық металлургияның флагманы болып саналады және әлемдегі осындай 200 алюминий өндіретін алыптарының ішіндегі ең үздіктердің ондығына кіреді. Бұл кәсіпорынның өнімі жоғары сұранысқа ие және Ресей, Беларусь, Түркия, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан сияқты елдерде өнімге сұранысы жоғары.
- Павлодар Географтар Үйі – Қазақ Географиялық қоғамының өңірлік филиалы бола отыра Ертіс жағасында орналасқан, географтардың, өлкетанушылардың, туристердің, натуралистер мен саяхатшылардың жергілікті активін біріктіреді, білім алушылар географтар үйіне барып қызметімен таныса тұра, сонымен бірге оның басшысымен қызықты және танымды сұхбаттасу болды.
- «Қаздар қонысы» – ашық аспан астындағы бірегей палеонтологиялық мұражайы әлемдегі ең ірі неоген дәуірінде мекендеген жануарларының жерленген жері болып табылады. Мұражай аумағында қазба жануарлардың 60-тан астам түрінің сүйектері табылды, бұл ескерткіш Еуразиядағы гиппарион фаунасының ең үлкен орындарының бірі ретінде мәлім (жылқы тұқымдасының жойылып кеткен тұяқты сүтқоректілерінің тұқымы), оның жасы 4 - 4,5 миллион жыл: хилотерия, синотерия-мүйізтұмсық, махайрод-қылыш тісті жолбарыс, лагомерикс, самотерия, және кеміргіштердің көптеген түрлері және т. б. 1971 жылдан бастап палеонтологиялық мұражай мемлекеттің қорғауында болды. Қаздар қонысы – Ертістің оң жағалауындағы 800 метрлік көлбеу учаскесі, 2019 жылы бұл аумақта ашық аспан астындағы мұражай ашылып, ескерткіштің өзі сақталуға алынды.
Өндірістік практика үрдісі барысында студенттер алған білімдерін, дағдылары мен икемділіктерін шебер қолданды, Павлодар қаласы мен Ертіс - Баян өлкесінің экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының әрбір объектісінің қызметімен, технологиялық және өндірістік үрдісі құрылымы мен ұйымдастырылуы туралы жаңа мәліметтерді алды.
