
Астанада Топырақ механикасы және геотехникалық инженерия бойынша 17-ші Азия аймақтық конференция өз жұмысын аяқтады
Астанада «Hilton Astana» қонақ үйінде 14-18 тамыз аралығында Топырақ механикасы және геотехникалық инженерия – 2023 бойынша 17-ші Азия өңірлік конференциясы өтті. Мұндай ауқымды форум Орталық Азия мен ТМД елдерінде алғаш рет өтуде. Ұйымдастырушылар – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Геотехникалық институты, Қазақстан геотехникалық қауымдастығы (KGS) және Халықаралық геотехникалық қауымдастығы (ISSMGE) болды.
Конференцияға әлемнің 90 елінен 600 - ден астам ғалымдар мен мамандар қатысты, олардың ішінде Азия өңірінде құрылыс қарқыны мен ауқымы бойынша көшбасшы саналатын Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Түркия, Үндістан және т.б. елдер бар.
Конференцияның негізгі тақырыбы – «Ақылды қоғамға арналған ақылды геотехника». Конференцияның төрт күнінде қонақтардың дәрістері мен секциялық отырыстары өтті. Көтерілген мәселелердің қатарында жер сілкінісіне төзімді құрылыс және ғимараттар мен құрылыстардың табиғи элементтерге тұрақтылығы, геоэнергетика, тау - кен, жер асты кеңістігін игеру мәселелері, топырақты зерттеу, инженерлік-техникалық сараптама жүргізу, Құрылыс және геотехникалық сала үшін кадрлар даярлау, т.б. өзекті тақырыптар қамтылды.
ISSMGE Азия бойынша вице-президенті Кех-Джиян (Альберт) Шоудың айтуынша, конференция өте нәтижелі өтті.
«Конференция басталардан бір күн бұрын біз Орталық Азиядағы күрделі геотехникалық міндеттерді шешу үшін ғалымдар мен практиктердің күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік беретін Төралқа отырысын өткіздік. Форумның сандық құрамы – бұған дәлел. Биылғы жылы Астанадағы геотехникалық форумға Азия елдерінен ғана емес, сонымен қатар Еуропадан да 600-ден астам қатысушы келіп, көрмеде топырақты зерттеу саласындағы күрделі геотехникалық міндеттерді шешуді жеделдетуге көмектесетін заманауи геотехникалық өнімдерді таныстырды»,-деді Кех-Джиян (Альберт) Шоу.
Оның айтуынша, Топырақ механикасы және геотехникалық инженерия бойынша келесі Азия аймақтық конференция 2027 жылы Тайланд астанасы Бангкокта өтеді. Сондай-ақ, 2025 жылы Үндістанда алғашқы Еуразиялық конференция өтеді. Мумбай қаласы (бұрынғы Бомбей қаласы-автор.).
Бағдад университетінің профессоры, Ирак геотехникалық қауымдастығының президенті Махди Каркуш осындай форумдарды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, конференция аясында Ирак геотехникалық қауымдастығы, Қазақстан геотехникалық қауымдастығы (Kgs) және Македония геотехникалық қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды.

«Бұл құжатқа қол қою Еуропа мен Азия геотехникалық мәселелерді шешу мақсатында бірігуі тиіс екендігін айғақтайды. Еуропалық және азиялық ғалымдардың шоғырлануы осындай халықаралық ауқымда өткен конференцияларда ғана болуы мүмкін. Идеялармен, озық технологиялармен алмасу өте маңызды және ең бастысы, форумда осы жаңалықтардың барлығын көруге мүмкіндік беретін жас ғалымдар бар, оларды ғылыми салада да, өндірісте де пайдалануға болады», - деді ирак ғалымы.
Ол сондай-ақ конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жарияланатынын, олар одан да тереңірек талданатынын және оқу процесі мен тәжірибеде қолданылатынын айтты.
Сонымен қатар Ресей Федерациясынан келген конференцияға қатысушы, Н.М. Герсеванова атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ресей қоғамының Топырақ механикасы, Геотехника және Іргетас құрылысы жөніндегі хатшысы, Мәскеу қ. Рафаэль Шарафутдинов өз пікірімен бөлісті.
«Топырақ механикасы және геотехникалық инженерия – 2023 жөніндегі 17-ші Азия өңірлік конференциясы халықаралық геотехникалық қауымдастықтың (ISSMGE) қамқорлығымен өтетін іс-шараларға тән дәстүрлі жоғары деңгейде өткізіледі. Бұл жолы әртүрлі елдерден көптеген делегаттар келді. Биылғы жылы болған Түркия және Сирия жер сілкіністеріне арналған секцияны конференция бағдарламасына енгізу өзекті, дұрыс және уақтылы деп санаймын. Сейсмикалық әсерге байланысты қателіктер сөзсіз орын алады және олар туралы айту керек, оларды зерттеу, жетілдіру қажет. Шетелдік әріптестердің, атап айтқанда, АҚШ-тың көзқарасы өте қызықты болды, олар сейсмика саласындағы ТМД елдеріне тән тәсілді оң бағалап, оны дұрыс деп санады және Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісі мұны тағы да растайды. Менің ойымша, бұл секция бұл мәселеде қателерді талдауға және бұл біздің елдеріміздің тұрғындарының қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Геотехника саласындағы белгілі сарапшылардың сөйлеген сөзі мен саланың қазіргі жай-күйін айтқан, Топырақ механикасы, Геотехника және іргетас құрылысының ғылыми зерттеулерін көруге мүмкіндік алған негізгі секциялардағы баяндамалар да өте қызықты әрі мазмұнды болды», - деді Рафаэль Шарафутдинов.
Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының Геология, Сейсмикаға төзімді құрылыс және сейсмология институтының директоры Пулод Аминзаде (Душанбе қ.) Астанада өткен Топырақ механикасы және Геотехникалық инженерия жөніндегі 17-ші Азия өңірлік конференциясында Топырақ механикасы саласындағы өзекті мәселелер қаралғанын, зерттеу нәтижелері ұсынылғанын атап өтті.
«Бұл геотехника басқа ғылымдар арасындағы байланыстырушы элемент екенін тағы бір рет растайды, өйткені геотехника - біз жүретін, ғимараттар салатын және өмір сүретін жер. Осы конференцияда Түркия мен Сирия мысалындағы сейсмикалық тақырып талқыланды, жер сілкінісі немесе басқа динамикалық әсерлер кезіндегі топырақтың жағдайы туралы айтылды, ол жай сұйылтылған, бұл, әрине, қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Бұл тақырып маған маңызды, өйткені Тәжікстан да сейсмикалық қауіпті ел болып табылады және бізде де осындай проблемалар бар», - деді Душанбе қаласынан келген қонақ.
Конференция аясында геотехникалық және құрылыс жабдықтарының көрмесі, сондай-ақ Астана мен Алматының көрнекті нысандары бойынша техникалық турлар өтті.
Конференция қорытындысы бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылар Азия елдерінде инфрақұрылымды дамыту үшін практикалық ұсынымдар әзірледі.
