
ЕҰУ Үздіксіз білім беру институты “ESG және тұрақты даму” атты жаңа Executive MBA бағдарламасын іске қосады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кәсіби білім берудің көкжиегін кеңейтіп, Үздіксіз білім беру институты мен ESG Management School халықаралық мектебі бірлесіп әзірлеген жаңа Executive MBA бағдарламасы – “ESG және тұрақты даму” бағдарламасының басталғанын хабарлайды.
Бағдарлама жаңа буын басшыларын экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) қағидаттарын компаниялар мен ұйымдардың стратегиялық дамуына тиімді біріктіре алатын деңгейде даярлауға бағытталған. Бұл – Қазақстанда тұрақты даму мен жауапты корпоративтік басқару саласындағы халықаралық заманауи үрдістерге толық сәйкес келетін алғашқы білім беру өнімі.
Бағдарлама кімдерге арналған?
Бағдарлама жоғары және орта буын басшыларына, кәсіпкерлерге, тәуекелдерді басқару, тұрақты даму, корпоративтік басқару және инвестициялар саласындағы мамандарға, сондай-ақ ESG стратегияларын енгізуге мүдделі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арналған.
Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
• ESG тәсілдерін нақты бизнесте қолдануға басымдық беріледі;
• Тұрақты даму саласындағы қазақстандық және шетелдік үздік сарапшылар;
• Оқу барысында өз компаниясы үшін ESG стратегиясын әзірлеп, іске асыру мүмкіндігі;
• Күндізгі және онлайн форматтардың үйлесімі – кәсіби қызметпен қатар оқу мүмкіндігі.
“ESG және тұрақты даму” Executive MBA бағдарламасының басталуы – 2025 жылдың күзі.
Қабылдау басталды!
Қосымша ақпарат алу және өтінім беру үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Үздіксіз білім беру институтына хабарласыңыз.
Астана қ., Сәтбаев көшесі, 2, 239 кабинет
8 (7172) 70-95-00, ішкі тел.: 31-231
E-mail: ino@enu.kz
