
«Жылуэнергетика» кафедрасының оқытушысы мен докторанты Green Energy Management–2025 халықаралық жазғы мектебіне қатысуда

23–27 маусым аралығында Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті мен Ташкент техникалық университетінің базасында Green Energy Management – 2025 Central Asia Edition жазғы мектебі өтуде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бұл шараның тең ұйымдастырушысы ретінде қатысуда. Бұл бастама — Италия, Испания, Әзірбайжан, Албания, Қазақстан және Қырғызстан университеттерін біріктіретін SILKWAY консорциумы аясында жүзеге асуда.
«Жылуэнергетика» кафедрасынан мектеп жұмысына профессор-практик Мерзадинова Г.Т. спикер ретінде, ал «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Өмірбаева А.Ө. қатысуда.
GEM–2025 мектебі Италия, Нидерланды, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінен келген студенттер мен сарапшыларды біріктірді. Апта бойы қатысушылар тұрақты даму, энергетикалық көшу, бизнес және жасыл энергетика саласындағы жаңа технологиялар мәселелерін талқылайды.
«Green energy management» жазғы мектебі
2017 жылы Астанада The World Astana EXPO 2017 «Болашақ энергиясы» атты Дүниежүзілік көрме өтті. Осы көрменің соңғы 2 аптасында, 2017 жылдың 28 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында «Green energy management» (GEM) жазғы мектепті өткізу туралы шешім қабылданды. GEM жыл сайын жасыл экономика және энергетика саласындағы мамандарды, сарапшыларды жинап, әртүрлі елдерден студенттерді және ізденушілерді оқытады. 2017 жылдан бастап GEM өткізу орнын өзгертеді, ал Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдер профессорлар лекция оқиды және студенттер тыңдаушы ретінде қатысады.
«Green energy management» халықаралық жазғы мектеп хронологиясы
|
Күн |
Аты |
Орын |
Базалық университет |
ЕҰУ қатысушылары |
Сілтемелер |
|
2017 жылы 28 тамыз - 10 қыркүйек |
Green energy management - The World EXPO 2017 “Future Energy” |
Астана, Қазақстан |
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ |
Жумагулов М.Г. – PhD, доцент |
|
|
2018 жылы 16-27 маусым |
Green energy management - the World EXPO 2017 “Future Energy” |
Милан - Бьела, Италия |
University of Milano-Bicocca (Милан) и Fondazione Pistoletto (Biella) |
Жумагулов М.Г. – PhD, доцент |
https://www.summerschoolbicocca.com/018-09-GEM-green-energy-management.php |
|
2020 жылы 06-16 қыркүйек |
Green energy management - Energy solutions for a sustainable environment |
Баку, Әзірбайжан |
Баку мұнай жоғары мектебі |
Жумагулов М.Г. – PhD, доцент |
|
|
2021 жылы 29 тамыз - 1 қазан |
Green energy management - Sustainable Energy Transition |
Онлайн |
Milano-Bicocca university |
- |
|
|
2022 жылы 24 шілде – 07 тамыз |
Green energy management - Silkway Central Asia Edition, на тему: Towards a sustainable energy transition |
Астана, Қазақстан |
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ |
Жумагулов М.Г. – PhD, доцент |
|
|
2023 жылы 26-30 шілде |
“GEM - Silkway Central Asia edition energies at the crossroad European and Eurasian countries in dialogue” |
Астана, Қазақстан |
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ |
Жумагулов М.Г. – PhD, доцент; Қартжанов Н.Р. – аға оқытушы |
|
|
2024 жылы 24-28 маусым |
Green energy management - Silkway Central Asia Edition, на тему: Green energy and sustainability development |
Ыстықкөл, Қырғызстан |
Ош мемлекеттік университеті |
Мерзадинова Г.Т. – т.ғ.д., профессор-практик; Макзумова А. – 8D07117 – Жылуэнергетика БбБ 3 курс докторанты |
|
|
2025 жылы 23-27 маусым |
Green Energy Management-2025 Central Asia Edition |
Ташкент, Өзбекстан |
Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті және Ташкент техникалық университеті |
Мерзадинова Г.Т. – т.ғ.д., профессор-практик, Өмірбаева А. – 8D07117 – Жылуэнергетика БбБ 1 курс докторанты |
