
ЕҰУ Директорлар кеңесінің құрамына Айдын Абай сайланды

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Жалғыз акционерінің 2023 жылғы 22 тамыздағы шешімімен Директолар кеңесінің мүшесі Орман Нұрбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осы шешімге сәйкес Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор Абай Айдын Мұратұлы сайланды.
Айдын Абай - «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендианты, мемлекеттік, жобалық және корпоративтік басқару, саяси технологиялар саласындағы сарапшы.
PMP-Project Management Professional, Project Management Institute, PMI сертификатталған жобалық менеджері. (USA) Cеrtified in company direction, Institute of Directors, IoD, UK. Professional Couch, International Couch Union, ICU.
Кәсіби мүдделер мен даму салалары: Корпоративтік және жобалық басқару, Стратегия, Көшбасшылық, Коммуникациялар, саяси консалтинг және тәуекелдер, сайлау технологиялары.
Мемлекеттің дамуына қосқан үлесі үкіметтік марапаттармен және мадақтаулармен бағаланды.
