
Ғылыми жұмыс сапасы – дұрыс жасалған библиографиялық сілтемеден басталады.

Ресми стандарттар (APA, MLA, Chicago, ГОСТ) бойынша сілтеме құру – академиялық адалдықтың талабы. Бірақ оны қолмен теріп, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.
Міне, кітапханашы, студент және зерттеушіге арналған 3 тегін интеллектуалды құрал:
- Zotero – интеллектуалды библиография менеджері
Функциясы:
– Chrome/Firefox кеңейтімі бар – мақаланы оқи салысымен, дереккөзді бір шерту арқылы сақтай аласыз
– Автоматты түрде PDF қосып, метадеректерді сақтайды
– 9000+ сілтеме стилі бар (APA, MLA, Chicago, ГОСТ және т.б.)
- Mendeley – зерттеушілерге арналған қуатты платформа
PDF файлды “drag-and-drop” арқылы жүктесеңіз – сілтеме автоматты құрылады
Метадеректерді өңдеу, аннотация жазу, топтық онлайн сілтеме бөлісуге болады
Elsevier әзірлеген және Scopus-пен интеграцияланады
- Citation Machine – жылдам генератор
Тек кітап атауы, автор немесе ISBN енгізіңіз — сілтемеңіз дайын!
– APA, MLA, Chicago, Harvard және тағы басқа стильдер қолжетімді
– Онлайн қолдануға жеңіл, тіркелуді қажет етпейді
