
Халықаралық қатынастар факультетінің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын бакалавриаттың 1–3 курс студенттері оқу және өндірістік тәжірибеден өтті

2025 жылғы 19 мамыр – 7 маусым және 19 мамыр – 21 маусым аралығында Халықаралық қатынастар факультетінің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын бакалавриаттың 1–3 курс студенттері оқу және өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өткен білім беру бағдарламалары: «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану», «Шығыстану», «Саясаттану», «Түркітану», «Шетел филологиясы: түрік тілі».
Практика базалары ретінде келесі ұйымдар қызмет атқарды: ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппараты, ҚР Ұлттық банкі, Қазақстандық Даму Қауымдастығы, Қазақстандық қоғамдық даму институты, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Астана дипломатиялық клубы», Қырғыз этно-мәдени бірлестігі, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, Ұлттық музей, «Мега Глобал» аударма агенттігі, «Arman Travel», «Selfie Travel» туристік агенттіктері және басқа да бейіндік мекемелер.
Оқу және өндірістік тәжірибе аяқталған соң, кафедраларда онлайн және оффлайн форматта тәжірибе бойынша есептерді қорғау рәсімдері ұйымдастырылды. Қорғау барысында студенттер түрлі ұйымдарда алған тәжірибелерін сипаттайтын презентациялар мен толық есептерін ұсынды, меңгерген білімдері мен дағдыларын атап өтті, сондай-ақ болашақ кәсіби даму жолдарын талқылады.
Қорытынды бойынша комиссия ұсынылған материалдардың мазмұндылығын және студенттердің тәжірибе базаларындағы белсенді қатысуын ерекше атап өтті. Практикадан өту — теория мен тәжірибе арасындағы байланысты қамтамасыз ететін, мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі екені айтылды.
