
Психология кафедрасының Ph.D докторы Абдыхалыкова Жазира Есенкелдіқызы “Болашақ” бағдарламасының “500 ғалым” жобасы аясында АҚШ астанасы Вашингтон қаласындағы The George Washington University-де 2024–2025 жж. аралығында бір жылдық ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтап, ғылыми зерттеу жұмысын ойдағыдай қорғады.

Академиялық ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында Джордж Вашингтон университетінің профессорларымен ұйымдастырылған келесі курстар табысты меңгерілді:
- “Advanced Academic Writing”,
- “Qualitative Methods in Research”,
- “Quantitative Methods in Research”,
- “Course Design and Evaluation of Educational Program”.
Сонымен қатар, Джордж Вашингтон университетінің Адам ресурстары басқармасы ұйымдастырған CITI бағдарламасы аясында төмендегі курстар бойынша сертификаттар алынды:
- “Human Research. Biomedical Investigators”;
- “Responsible Conduct of Research. Social and Behavioral Responsible Conduct of Research”;
- “Human Research. Social & Behavioral Research”;
- “Research Study Design (RSD)”;
- “Responsible Conduct of Research. Humanities Responsible Conduct of Research Course 1”.
Ғылыми және кәсіби даму шеңберінде Джордж Вашингтон университетінің жетекші профессорларының дәрістері мен семинарларына қатысып, сондай-ақ The Brookings Institution, Harvard University, American University, Georgetown University, George Mason University, University of Southern California сияқты алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарда, университеттерде өткізілген халықаралық ғылыми іс-шараларға белсенді қатысты.
Стажировка барысында ғылыми жарияланым белсенділігі де байқалды.
Сондай- ақ, George Washington University Когнитивтік психология департаментінің психологиялық зертхана мүшесі болып қабылданып, профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттар қатысатын апта сайынғы ғылыми отырыстарға қатысты.Бұл отырыстарда түрлі ғылыми жобалар мен заманауи психологиялық зерттеулер талқыланды.
Импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда келесі екі мақала жарық көрді:
- Blended learning in the development of university students’ metacognition (IJERE);
- Enhancing Student Teachers’ Motivation for Job Retention Through a Practice-Based Learning Strategy (EDUPIJ).
