
ЕҰУ-ға қалай түсуге болады?



Биыл ЕҰУ-ға түсу үшін ең төменгі шекті балл – 95 балл, ең жоғары – 125 балл. Инфографикада білім беру бағдарламаларының әрбір тобы үшін шекті баллдарды көрсетеді.
ЕҰУ бакалавриатына түсу үшін 8 бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының 54 тобын таңдау мүмкіндігі бар.
Университетке қабылдау ҰБТ және білім беру бағдарламаларының жекелеген топтары бойынша шығармашылық емтихандар нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
20 маусымнан бастап шығармашылық емтихандарға өтініштер қабылдануда, ол 7 шілдеге дейін (грантқа), 10 тамызға дейін ақылы негізде оқуға қабылдау жүргізілетін болады.
Шығармашылық емтихандар 8-15 шілде аралығында (грант үшін), 11-15 тамыз аралығында – ақылы негізде қабылданады.
Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштер биылғы жылдың 13-20 шілдесі аралығында қабылданады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді Қазақстан Республикасының кез келген университетінің Қабылдау комиссиясы арқылы, сондай-ақ eGov электронды үкімет порталы арқылы беруге болады.
Бұдан басқа, жалпы орта білімі бар, әскери борышын өтеген азаматтар әскери борышын өтегеннен кейін екі жыл ішінде ақылы негізде ҰБТ-дан өтпей оқуға қабылданады.
Әңгімелесуге құжаттар ағымдағы жылдың 24 шілдесі мен 4 тамызы аралығында қабылданады.
Сондай-ақ, шетелдік азаматтар университетте оқуға ақылы негізде әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады. Әңгімелесуге құжаттар ағымдағы жылдың 15 маусымынан 25 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.
Оқуға түсуге өтініштерді қабылдау және емтихандарды тапсыру кестесі туралы толығырақ ақпаратты, оқуға түсуге арналған құжаттардың толық тізбесін инфографикада және www.enu.kz сайтында «Талапкерлер – бакалавриат – магистратура – докторантура» бөлімінен көре аласыз.
