
Шығармашылық бастама: ЕҰУ-де талапкерлерге арналған шығармашылық емтихандар басталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қабылдау науқанының ең жауапты әрі толқытатын кезеңдерінің бірі - шығармашылық емтихандар басталды.
Бұл кезеңде талапкерлер өз қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және кәсіби дайындығын көрсетеді. Бұл - біліммен қатар талант та маңызды рөл атқаратын бағыттар үшін ерекше сынақ.
Барлық емтихандар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі және 15 шілдеге дейін жалғасады.
ЕҰУ төмендегі шығармашылық дайындықты талап ететін 6 білім беру бағдарламасы тобы бойынша мамандар даярлайды:
• В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау;
• В029 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс;
• В031 Сән, дизайн;
• В033 Дінтану және теология;
• В042 Журналистика және репортерлік іс;
• В073 Сәулет.
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданды. Осы уақыт ішінде 590 өтініш келіп түсті. Құжат тапсыру алдында талапкерлер қабылдау комиссиясының мамандарынан кеңес алып, өз бағыттарын анықтады.
№3 оқу корпусының алдына орнатылған led-экранда шығармашылық емтихандарды өткізу барысының көрсетілімі көрсетіледі.
Емтихандар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Шығармашылық емтихандардың нәтижелері университеттің ресми сайтында жарияланады: www.enu.kz
Барша талапкерлерге сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!
