
Зағип адамдарға ғимараттарда бағдарлауға көмектесетін гаджет ойлап табылды










ЕҰУ Цифрлық даму департаментінің IT мамандары көзі нашар көретін адамдарға ғимараттарда қауіпсіз жүруге көмектесу үшін инклюзивті нұсқаулық әзірледі.
Елімізде теңдесі жоқ құрылғы бір алған қуат күшімен 5 сағаттай автономды жұмыс істей алады. Ол интернетсіз жұмыс істейтіндігімен, жинақылығымен және бағасының қолжетімділігімен ерекше.
«GPS жүйелері әдетте ғимараттарда жұмыс істемейді, сондықтан нысанның картасы біздің құрылғыға жүктеледі. Кіріктірілген лазер мен камераның арқасында нұсқаулық ғимаратқа орналастырылған QR кодтары арқылы бағыт жасайды. Құрылғы пайдаланушының дауыстық пәрменін оқып, арнайы құлаққапқа кері байланыс жібереді, бұл адамға жолда болатын кедергілер туралы ескертеді», - деп атап өтті ЕҰУ Цифрлық даму бөлімінің бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеуші Айбол Тілеухан.
Патенттелген жоба іс жүзінде тексеруден өтті. Әзірлеушілер нұсқаулықты жақсартуды жоспарлап отыр, ол қараңғы немесе жарық бөлмелерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, батареяның қызмет ету мерзімін ұзартады. Сондай-ақ авторлар гаджетті мұражайларда инклюзивті нұсқаулық ретінде пайдалану үшін жетілдірмек.
Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар келушілерге ыңғайлы болу үшін университеттің оқу ғимараттарының кіреберісіне гаджеттерді орналастыру жоспарлануда.
«Болашақта бұл нұсқаулықты қоғамдық орындарда, мектептерде, ауруханаларда және т.б. жерлерде пайдалануға болады. Сұраныс болса, сериялық өндірісті жолға қоюды жоспарлап отырмыз», - дейді бағдарлама авторы.
Жоба қазақстандық қоғамның цифрлық трансформациясын дамыту мақсатында мемлекеттік гранттық қаржыландыру шеңберінде бір жыл ішінде жүзеге асырылды.
