
4 мыңға жуық талапкер ЕҰУ-да оқуға мемлекеттік грант иегері атанды

Мыңдаған талапкер үшін толғанысқа толы шілде айы көптен күткен қуанышты жаңалықпен аяқталды — республика бойынша мемлекеттік білім беру грант конкурсына 107 241 өтініштері қабылданып нәтижесі қорытындыланды. Оның ішінде 3 838 талапкер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алу үшін мемлекеттік грант иегері атанды. Айта кету керек, 2025 жылы ЕНУ республика бойынша ең жоғары шекті балл қойған жетекші ЖОО-лардың бірі болды.
Талапкерлер арасында ең танымал білім беру бағыттары:
- Педагогикалық ғылымдар – 25 000 талапкер таңдады;
- Инженерия, өңдеу және құрылыс салалары – 20 000 таңдау;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – шамамен 15 000 таңдау.
2025–2026 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары топтары бойынша ең жоғары ҰБТ балы 139 баллды құрады (В009 Математика мұғалімдерін даярлау). Бұл – ЕНУ-ға еліміздің ең үздіктер ұмтылатынының айғағы.
Грант конкурсына өтініштер 13–20 шілде аралығында қабылданды.
2711 талапкер жалпы конкурс аясында грант иегері атанды.
Сонымен қатар, жеңілдік және басым құқықтар бойынша гранттар төмендегі санаттарға берілді:
- Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша ауыл жастары үшін бөлінген квота бойынша - 104 адам;
- Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар - 46 адам;
- Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балалар - 28 адам;
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері - 464 адам;
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар - 10 адам;
- I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар - 20 адам;
- Бала кезінен мүгедек баланы, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар - 20 адам;
- Арнайы мемлекеттік органдар, құқық қорғау және азаматтық қорғаныс органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, әскери қызметшілер арасынан қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан (қаза болған), не мүгедектік алған тұлғалардың балалары (соның ішінде асыранды ұл-қыздар, өгей ұл-қыздар, бірге тұратын өгей балалар) - 7 адам;
- Әскери борышын өтеген Қазақстан Республикасының азаматтары - 151 адам..
Абитуриенттерді жоғары оқу орындарына қабылдау 2025 жылғы 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру гранты иегері екендігі туралы электрондық куәлікті мына сілтеме арқылы жүктеуге болады:
https://grant.testcenter.kz (ЖСН мен ТЖК енгізу қажет).
Біздің университеттік отбасымыздың бір бөлшегі болғаныңызға қуаныштымыз және мақтан етеміз.
Ғылым, жобалар, асқақ мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктер әлеміне қош келдіңіздер!
