
Сібір Федералды университетінің шақырылған профессоры ЕҰУ оқытушылары мен докторанттары үшін ғылыми семинар өткізді

ЕҰУ-дың әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке интеграциялануының маңызды бөлігі серіктес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық болып табылады. 2018 жылы ЕҰУ мен Сібір Федералды университеті (Красноярск қ.) ынтымақтастық туралы меморандум жасасқаннан бері екі білім ордасы ғылыми тәжірибе алмасып келеді. Ол бүгінде екі университеттің ғана емес, ЕҰУ кафедралары ынтымақтастығының да үлгісіне айналды.

Шет тілдерінің теориясы мен тәжірибесі және орыс филологиясы кафедрасы Ресей және Еуропа университеттерімен жемісті ынтымақтастықта. Шақырылған профессор Вероника Разумовскаяның өткізген ғылыми семинарлары ЕҰУ ПОҚ-ның Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен ғылыми пікірталас алаңына айналды. Ал В.Разумовская шетелдік ғылыми кеңесші болып табылатын ЕҰУ докторантының диссертация қорғауы әлемдегі мықты профессорлардың басын біріктірді: И. Қарабулатова (М.В. Ломоносов атындағы ММУ), М. Полехин (МГИМО), Энрике Керо Хервилла (Гранада университеті, Испания), Т. Мегрелишвили (Грузин техникалық университеті), И.Микулазо (Юрай Добрила университеті, Пуле, Хорватия), Э. Инаныр (Стамбул университеті).
Шақырылған профессор В. Разумовскаяның педагогикалық бағыттағы магистранттар үшін «Көпмәдениетті тілдік тұлғаны қалыптастыру» және «Шет тілдерін оқытудағы аударма мәселелері» элективті курстары («Шет тілі: екі шет тілі» ББ) университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары үшін серпін берді.
Орыс филологиясы кафедрасының докторанттарының шетелдік кеңесшісі ретінде шақырылған профессор аударма аспектісінде орыс әдебиетінің «күшті» мәтіндері туралы арнайы курстар оқыды. ЕҰУ докторанттарының диссертациялары аясындағы бұл тақырыптар ҚФБ-дағы ғылыми тағылымдаманың сипатына да әсер етті. Орыс филологиясы кафедрасының докторанты У.Байтурина мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры И.В. Моклецованың бірге жариялаған «СФУ журналындағы» мақаласы (Scopus, Q2) (https://elib.sfu-kras.ru/bitstream/handle/2311/150067/14_Baiturina.pdf?sequence=1) редакциялық алқаның қызығушылығын тудырды. Бұл мақала туралы сұхбатты ҚФБ сайтынан оқуға болады (дереккөз: https://news.sfu-kras.ru/node/27962
