
2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Физика-техникалық ғылымдар институты ұжымы Жолдауда көтерілген бастамаларды толық қолдап, жүйелі жұмыс жүргізуде.
Президентіміз атап өткендей: «Киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін барынша интеллектуалды жүйе құру керек». Осыған сәйкес, биылғы оқу жылында институттың барлық білім беру бағдарламаларына «Жасанды интеллект» курсы енгізілді. Сонымен қатар, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасында 7М06301 – Киберқауіпсіздік магистратуралық бағдарламасы ашылып, бүгінде 21 магистрант білім алуда.
Ядролық энергетика бағыты бойынша институт 6В05305 – Ядролық физика бакалавриат бағдарламасында білікті мамандарды даярлауда. Сондай-ақ, биыл 7М05309 – Радиациялық қауіпсіздік магистратурасы мен 8D05240 – Радиоэкология докторантурасы ашылып, алғашқы магистранттар мен докторанттар қабылданды.
Жолдауда: “Ақылды қала” тұжырымдамасының көмегі тиері сөзсіз» делінді. Осы тұрғыда институтымыз білікті мамандар даярлау арқылы ел дамуына өз үлесін қосуға дайын.
Мемлекет басшысы атап өткендей: «Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру қажет». Бұл бағытта институтта 7М07147 – Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бағдарламасы бойынша білім алып жатқан магистранттарымыз болашақта елімізге қызмет ететін кәсіби мамандарға айналады деп сенеміз.
«Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады» деген Президент сөзіне толық қосыла отырып, біз де осы бағытта еңбек етеміз.
Сонымен қатар, институтымыз «Цифрландыру күні» апталығы аясында: «Перспективы использования искусственного интеллекта в образовательной среде» тақырыбында және «Сигналдарды өңдеуде жасанды интеллектіні қолдану» тақырыптарында семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.
ЕҰУ – Қазақстанның цифрлық болашағына үлес қосатын жаңа буын мамандардың ордасы!
