
Химия кафедрасы Томск мемлекеттік университетінің ғалымдарын қабылдады























2025 ж. 23 қыркүйекте Химия кафедрасында маңызды ғылыми шара өтті — Ресей Федерациясындағы Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университетінің ғалымдар делегациясы келді. Делегация құрамында:
-
Бакибаев Абдиғали Абдиманапұлы — химия ғылымдарының докторы, профессор;
-
Мальков Виктор Сергеевич — химия ғылымдарының кандидаты, органикалық синтез зертханасының меңгерушісі;
-
Ухов Артур Эдуардович — кіші ғылыми қызметкер;
-
Бефус Екатерина Алексеевна — магистрант.
Сол күні сағат 13:00-де 333 аудиторияда «Жаңа композициялық материалдарды синтездеу мен талдаудың әдістерін әзірлеу» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Профессор Бакибаев өзінің ғылыми еңбектері туралы баяндап, бірлесіп дайындалған диссертациялар, жеке еңбектері және Қазақстандағы көрнекті химиктердің ғылымға қосқан үлесін атап өтті.
Сапар барысында қонақтар сондай-ақ Жаратылыстану факультетінің химиялық бағыттағы зертханаларымен танысып, бірлескен жобаларды талқылау мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұл іс-шара университеттер арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, бірлескен зерттеулер мен жас мамандарды даярлауда жаңа мүмкіндіктер ашты.
