
Докторлық диссертацияларды талқылау бойынша психология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 14:00-де 106 аудиторияда (№4 корпус) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Турарова Гульназ Укметбековна мен Гитихмаева Людмила Магомедовнаның докторлық диссертацияларын талқылау бойынша психология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді.
1.«8D03103–Психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Турарова Гульназ Укметбековнаның «ЖОО-да академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторлар» тақырыбындағы қазақ тіліндегі диссертациялық жұмысы.
Отандық ғылыми кеңесші:
Мамбеталина Алия Сактагановна – психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Асиль Оздогру – PhD, Ускюдар университетінің педагогикалық психология бойынша қауымдастық профессоры (Түркия).
Ресми рецензенттер:
Нагымжанова Каракат Мукашевна – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының профессоры.
Нурадинов Алмат Сабитович – психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының доценті м.а.
2.«8D03103–Психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Гитихмаева Людмила Магомедовнаның «Жастардағы номофобияның тұлғалық предикторлары» тақырыбындағы орыс тіліндегі диссертациялық жұмысы.
Отандық ғылыми кеңесші:
Мамбеталина Алия Сактагановна – психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Гайворонская Ирина Борисовна – психология ғылымдарының кандидаты, А.С.Пушкин атындағы ЛМУ доценті (Ресей).
Ресми рецензенттер:
Абдыхалыкова Жазира Есенкелдіқызы – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының доцент м.а.
Рыскулова Мадина Мухаметалиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының доценті м.а.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды шақырамыз! Сіздерді асыға күтеміз!
