
Докторлық диссертацияларды талқылау бойынша психология кафедрасының кеңейтілген отырысы

2025 жылғы 30 қыркүйекте «8D03103-Психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған келесі докторанттардың докторлық диссертацияларын талқылау бойынша психология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтті:
- Турарова Гульназ Укметбековна. Тақырыбы: «ЖОО-да академиялық жетістігі жоғары білім алушылардың ерік сапаларындағы психологиялық предикторлар». Отандық ғылыми кеңесші: Мамбеталина Алия Сактагановна -психология ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының профессорының м.а.; шетелдік ғылыми кеңесші: Асиль Оздогру - PhD, Ускюдар университетінің педагогикалық психология кафедрасының доценті (Түркия).
2.Гитихмаева Людмила Магомедовна. Тақырыбы: «Жастардағы номофобияның тұлғалық предикторлары». Отандық ғылыми кеңесші: Мамбеталина Алия Сактагановна -психология ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының профессорының м.а.; шетелдік ғылыми кеңесші: Гайворонская Ирина Борисовна – психология ғылымдарының кандидаты, А.С.Пушкин атындағы ЛМУ доценті (Ресей).
Кеңейтілген мәжіліске психология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, өзге кафедралардың және басқа жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Дауыс беру нәтижесінде барлық қатысушылар ізденушілерді қолдады.
Диссертациялық зерттеулер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің диссертациялық жұмыстарға қойылатын «Ғылыми дәрежелер беру қағидаларына» сәйкес келеді және қорғауға ұсынылады.
