
ЕҰУ-де экологиялық алмасу мен саналы өзгерістер мерекесі - Дармарка өтті













Дармарка Астана бастамасымен бірлесе отырып, ЕҰУ-дың Тұрақты даму орталығы елорда тұрғындары мен университет қауымдастығын тұрақты тұтыну және қайта пайдалану идеяларының төңірегіне біріктірген қалалық экологиялық шара ұйымдастырды.
Дармарка - бұл адамдардың қажетсіз заттарымен тегін алмасып, қалдықтарды қайта өңдеуге тапсыра алатын сыйлық жәрмеңкесі. Бұл формат қалдық көлемін азайтуға, заттарды қайта пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Іс-шара барысында жиналған қалдықтардың жалпы көлемі:
421 кг макулатура;
385 кг пластик;
254 кг шыны;
399 кг тоқыма бұйымдары;
188 кг басқа қалдықтар.
Дармарка ұйымдастыру мен өткізу ісінде ЕҰУ еріктілері мен ЭКОклуб белсенділері ерекше рөл атқарып, жастардың экологиялық бастамаларға және Тұрақты даму орталығының миссиясын қолдауға жоғары деңгейде атсалысқанын көрсетті.
Мұндай бастамаларды өткізу ЕҰУ-дың Тұрақты даму орталығының басты басымдықтарын айқындайды және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға үлес қосады. Атап айтқанда, іс-шара келесі мақсаттарға бағытталған:
Мақсат 4.7 - тұрақты даму рухындағы білім мен экологиялық мәдениетті ілгерілету;
Мақсат 12 - жауапты тұтыну мен ресурстарды қайта пайдалану моделін қолдау;
Мақсат 13 - климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылдарға жәрдемдесу;
Мақсат 17 - университет, қалалық бастамалар және қоғам арасындағы серіктестікті дамыту.
Осындай жобалар арқылы Тұрақты даму орталығы экологиялық ағарту, нақты әрекет және жастардың бастамашылдығы тоғысатын кеңістік қалыптастырып, университет пен қаланың тұрақты болашағын бірге құруға ықпал етеді.
