
«Халықаралық трендтер жағдайында қазақстандық ғылыми жетекшілік тәжірибесінің трансформациясы»



2025 жылғы 30 қыркүйекте «Халықаралық трендтер жағдайында қазақстандық ғылыми жетекшілік тәжірибесінің трансформациясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара ғылыми жетекшілер мен докторанттар арасындағы ашық диалог алаңына айналды.
Дөңгелек үстелдің спикері ретінде Сібір федералдық университетінің профессоры, академиялық жазу, ғылымдағы мәдениетаралық және пәнаралық коммуникация аспектілері бойынша маман Вероника Адольфовна Разумовскаясөз сөйледі.
Өз баяндамасында профессор Разумовская В.А. докторанттарға ғылыми жетекшілік жасаудағы тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі ғылыми жетекшілер кездесетін қиындықтарды талқылады және оларды еңсерудің ықтимал жолдарын ұсынды.
Айрықша назар докторанттардың тұрақты мотивациясы, ғылыми жетекшілердің эмоционалдық және кәсіби күйзелісі, жарияланымдық белсенділік талаптары мен PhD-зерттеуін сапалы сүйемелдеу арасындағы тепе-теңдік мәселелеріне, сондай-ақ ғылыми жетекшінің тек бақылаушы емес, менторлық тұлға ретіндегі рөліне аударылды.
Дискуссия барысында дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің тәжірибелік байқауларымен бөлісіп, жиі кездесетін қиындықтарды сипаттап, қазақстандық академиялық контекстке бейімделген шешімдер ұсынды.
P.S: Іс-шара AP19674794 «Қазіргі докторантурадағы ғылыми жетекшілік: халықаралық трендтер жағдайында қазақстандық тәжірибенің трансформациясы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
