
«Уфа ғылым және технология университетінің» жас ғалымдары химия кафедрасында екі апталық тағылымдамадан өтті
ЕҰУ жаңалықтары
10.09.2023 93









Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ химия кафедрасы «Уфа ғылым және технология университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерін тағылымдамадан өтуге қабылдады.
2023 жылдың 25 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Уфа қаласының жас ғалымдары Юлия Мартынова, Артур Псянчин және Тимур Садықов тағылымдамадан өтті. Олармен химия кафедрасының оқытушылары Тоғжан Машан, Жанна Жатқанбаева, Нұргүл Султанова, Дана Белгибаева жұмыс жүргізді. Тағылымдамашылар химия, экология және биотехнология кафедраларының, сондай-ақ экостандарт ғылыми зертханаларында болды.
Тағылымдама соңында ғалымдар сертификаттарға ие болды.
Бөлісу:
