
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Білім беру және климаттың өзгеруіне бейімделу» бағдарламасы аясында офлайн-сессия өтті
ЕҰУ жаңалықтары
10.10.2025 66

30 қыркүйек күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Білім беру және климаттың өзгеруіне бейімделу» бағдарламасы аясында офлайн-сессия өтті. Іс-шараға «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының доценті Әділбектегі Гүлмира Әділбекқызы және «Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасының білімгерлері қатысты.
Сессия барысында қалалық жоспарлау, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салаларындағы бейімделу жобалары мен шаралары талқыланды.
Бұл кездесу қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды болды — олар жаңа идеялармен танысып, климаттың өзгеруіне бейімделудің нақты шешімдерін талқылады.
Бөлісу:
