
Профессор Амантай Шәріп Махтумқұлы Пырағы медалімен марапатталды
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
11.10.2025 111



Халықаралық қатынастар факультетінің түркітану кафедрасының профессоры Амантай Шәріп Түрікменстан Президенті Сердар Бердымұхамедовтың жарлығымен Махтумқұлы Пырағы медалімен марапатталды. Сонымен қатар, профессорға Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің Алғыс хаты табысталды.
Бұл марапат ғалымның түркі халықтарының мәдени мұрасын зерттеу мен Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды дамытуға қосқан зор үлесінің айғағы болып табылады.
Бөлісу:
