
Астана қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығындағы сабақтар

Педагогикалық практика аясында Биотехнология және микробиология кафедрасының екінші курс докторанты Астана қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді
2025 жылғы 6-17 қазан аралығында 8D05101-"Биотехнология" білім беру бағдарламасының Биотехнология және микробиология кафедрасының 2 курс докторанты Тұрғанбекова Аида Асқарқызы Астана қаласының Трансфузиология ғылыми–өндірістік орталығында (тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасында " "Иммунология негіздері" пәні бойынша (6В05102-"Жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері үшін B050 -5102-23-01, B050-5102-23-02, B050-5102-23-03 топтарында), "Иммуногенетиканың және ақуыздық инженерияның қазіргі заманғы аспектілері" және "Иммунобиотехнология және вакцина өндірісі" (магистратураның 7М05103-"Молекулалық биотехнология және биомедицина" білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушылары үшін) «HLA жүйесі. Жалпы сипаттама. HLA-типтеу әдістері» тақырыбында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.
Сабақ барысында иммуногенетикадағы HLA типтеу әдістерінің теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды. Сабақтар интерактивті түрде өтті: білім алушылар жоғары белсенділік танытты, иммунология мен иммуногенетикаға қызығушылық танытты және ағзаларды трансплантациялау тақырыбын талқылау кезінде иммунологиялық процестер теориясын түсінгендерін көрсетті.
Сабақ қорытындысы бойынша білім алушылар Трансфузиология ғылыми орталығының тіндерін иммунологиялық типтеу зертханасының жұмысымен танысуға мүмкіндік бергені үшін докторант А.А. Тұрғанбековаға алғыстарын білдірді, сондай-ақ қазақстандық медицина қызметкерлерінің-зертхана мамандарының, трансплантолог-дәрігерлердің, биотехнолог-зертханашылардың және, әрине, жүздеген адамның өмірін құтқаратын органдарды трансплантациялау донорларының баға жетпес еңбегін атап өтті.
