
ЕҰУ проректоры Самарқандтағы Азия университеттері қауымдастығына мүше университеттер ректорларының Үйлестіру кеңесіне қатысты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Ләззат Нұрқатова Ш. Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) базасында өткен Азия университеттері қауымдастығының мүшелері - жоғары оқу орындары ректорларының Үйлестіру кеңесіне қатысты. Оның жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Ресей университеттерінің өкілдері қатысты.

Кездесу аралас форматта өтті. Қатысушы елдер университеттерінің ректорлары, оның ішінде ЕҰУ проректоры Ләззат Нұрқатова баяндама жасады.
Кездесуге қатысушылар келесі бағыттар бойынша Азия университеттері қауымдастығының сараптамалық топтарын қалыптастыру бойынша жұмыстардың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы жылдарға арналған университеттер ынтымақтастығы мен жұмыс жоспарларын талқылады.
Азия университеттері қауымдастығының мүшелігі мен географиясын кеңейту мәселесі қаралды, меморандумдарға қол қойылды. Қазақстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының тағы бірнеше университеттерін қабылдау жоспарлануда.
