ЕҰУ-дын маңындағы Ақбұлақ өзенінің түбін тазарту жұмыстары басталды

ЕҰУ жаңалықтары
SMART.ENU
15.09.2023 1036

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Ақбұлақ өзенінен Есіл өзеніне су ағызу жұмыстарын бастады.

Бұл іс-шараларды Ақбұлақ өзенінің түбін көпжылдық шөгінділерден одан әрі тазарту мақсатында орындау қажет.

Ағымдағы жылдың қыркүйектен бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін тұнба шөгінділерінен түбін тазарту жұмыстарын жүргізетін болады.

Мұндай көлемдегі ағынды тазарту 20 жылда алғаш рет жүргізілуде. Түбінің лайлануы су қоймасының батпақтануына, жағымсыз иістің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Сондықтан ағынды тазарту қалыпты экобалансты сақтауға ықпал ететін маңызды оқиға болып табылады.

Ақбұлақ өзенінің су балансы түбін тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін міндетті түрде қалпына келтірілетін болады.

 

© 2023 ENUZERO.kz