
Шанхай және Чжэнчжоу қалаларында өтіп жатқан 23-ші "Қытай халықаралық таланттармен алмасу" конференциясының екінші күні барысында – Чжунъюань техникалық университеті мен Харбин инженерлік университетінің ұйымдастыруымен конференцияға қатысушылар кәсіпорын жұмысымен танысты

Шанхай және Чжэнчжоу қалаларында өтіп жатқан 23-ші "Қытай халықаралық таланттармен алмасу" конференциясының екінші күні барысында – Чжунъюань техникалық университеті мен Харбин инженерлік университетінің ұйымдастыруымен Көлік-энергетика факультетінің деканы Кокаев Умиржан Шералиевич кәсіпорын жұмысымен танысты. Конференцияға жиналған өкілдерге жаңа технологиялар таныстырылды.
Чжунюань технологиялық институты (Zhongyuan University of Technology) — 1955 жылы құрылған Хэнань провинциясының жетекші инженерлік-техникалық университеті. Университет инженерлік, электрондық-ақпараттық және жасанды интеллект бағыттарын біріктіре отырып, озық технологиялар мен қолданбалы зерттеулерді дамытуда.
Институт құрамында 24 факультет және 75 дайындық бағыты бар. Олардың ішінде тоқыма машиналарын жасау, механикалық жобалау және өндіру, автоматтандыру, информатика және материалтану мамандықтары ерекше көзге түседі. Бірқатар білім беру бағдарламалары ұлттық инженерлік аккредиттеуден өткен.
Университетте 1829 оқытушы жұмыс атқарады, олардың ішінде 715 ғылым докторы және ұлттық деңгейдегі жетекші ғалымдар бар. Зерттеу базасына 40 ғылыми-зерттеу платформасы кіреді, оның ішінде 2 платформа ұлттық деңгейде. Соңғы жылдары 2600-ден астам ғылыми жоба іске асырылып, университет ғылым мен технология саласындағы мемлекеттік сыйлықтарға ие болған.
Чжунюань технологиялық институты — инновациялық, ғылыми-зерттеу және халықаралық деңгейде танылған білім беру ортасын құруға бағытталған қарқынды дамып келе жатқан инженерлік университет.
